ffin.kz

Әлемде құтқарушылар қат боп жатыр

Әлемде құтқарушылар қат боп жатыр Сурет: Aa.com.tr

Апаттың айтып келмейтіні құтқарушылардың қызметіне зәрулікті арттырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Күннің ысуы, табиғаттағы өзгерістер қауіпті күшейтті. Енді көп жерде құтқарушы жетіспей жатқан көрінеді.

24.kz хабарлауынша, Қытайдың Хунань провинциясында 2 аптадан бері толассыз жаңбыр жауып, соңы алапат тасқынға ұласты. Құтқарушылар жетіспей, біраз жұрт үйінен шыға алмай қалған. Тіпті кей жерде су деңгейі 3 метрге жеткен. Жүзге жуық өзен тасыған. Осы кезде серфингпен айналысатын спортшы жігіт кішкентай резеңке қайығымен жерлестерін құтқаруға кірісті. 42 жастағы Ю Зуен аз уақытта 50-ден астам адамды қамалған үйінен аман-есен алып шыққан. Ол зардап шеккендерді қайыққа отырғызып, құтқарды. 

Ал АҚШ-та мұхит жағасында шомылу қауіпті. Жан-жағын 3 мұхит шайып жатқан АҚШ-тағы жағажайларда жыл сайын жүздеген адам жазатайым суға кетеді. Бір ғана Флорида штатында кеше ғана 6 тұрғын опат болды. Елдегі Құтқару қауымдастығы операцияның 80%-тен астамы мұхиттың жағаға ұратын толқындарымен байланысты дейді.

Дэниел Барникель, құтқарушы:

Мұхиттан жағаға ұратын толқындармен күресу өте қиын. Суға кете бастаған адам түк істей алмай қалады. Оны құтқару да оңайға соқпайды. Өйткені толқын өте асау. Құтқарушының еркін қимылдауына ерік бермейді. Өкінішке қарай, көптеген адамдар мұхиттағы шомылуға тыйым салынған межеден асып, жағадан алыстап, асау толқындарға тап болады.  

Газадағы құтқару қызметі техникасының 40%-і талқандалды Төтенше жағдайдың түрі көп. Ең ауыры – соғыс. Қазір әлемде құтқару қызметі ең керек ел  Газа секторы болып тұр. Израиль әскері құтқару қызметіне тиесілі техниканың 40%-і талқандап тастаған. Мамандар 2 сағатта бітуге тиіс құтқару операциясының кемінде 6 сағатқа созылатынын айтады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, қазір Газа секторының солтүстігінде бір ғана құтқару мекемесі мен бір ғана өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді.

Мохаммед Әл-Мугейр, құтқару қызметінің басшысы:

Біз халықаралық заңнама бойынша гуманитарлық бағытта жұмыс істейтін мамандармыз. Біз қару асынған әскер емеспіз. Біздің миссиямыз – адамдарды құтқару, өміріне араша түсу. Бірақ Израиль әскерінің әрекеті барлық мүмкіндігімізді жоқ қылды, адымымызды аштырмай қойды. Бұл жағдайға халықаралық қауымдастық батыл араласуы керек!

 Құтқарушылар – табиғи апат, тосын оқиға, тіпті қарулы қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындар үшін басын бәйгеге тігетін адамдар. Олар – адам өмірін сақтаушы.

Ал Қазақстанда құтқарушыларға қандай жүк артылған?  Төтенше жағдай министрлігінде құтқарушылардың түрі сан алуан. Оның қатарында ұшқыштар да, сүңгуірлер мен альпинистер, өрт сөндірушілер және соның құрамындағы медицина, болжау, бақылау қызметкерлері де бар. 

Жомарт Асқаров, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары: 

Қазіргі таңда тәулік бойы 3,5 мыңнан астам адам, мыңға жуық техника тәулік бойы қызметте қазір тұр. Астана, Алматы қалаларында әрине, көп. Шомылу маусымы басталғалғаннан бері және оның алдында да күннің орайына байланысты бізде 153 жылжымалы бекет, 42 стационарлы бекеттер орнатылған. Ол қосымша ашылған.

Төтенше жағдай министрлігімен қоса, жедел құтқару жұмыстарын ішкі істер органдары, атап айтсақ, патрульдік полиция мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де атқарады. Мысалы ішкі істер органдарынан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күнделікті 14 мыңнан астам адам жұмылдырылады.

Айдын Оразбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:

Биыл шомылу маусымы басталғаннан бастап ішкі істер органдарымен 14 адам құтқарылды және де 2 мыңнан астам рейдтік шара жүргізілді. Сондай-ақ қалалық, облыс орталықтарындағы рұқсат етілген шомылу жерлері болатын болса, олардың барлығына бейнекамералар орнатылып, сол бейнекамералармен де бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Әрбір жасақтың бекітілген патрульдік бағыты бар. Сол бағыт бойынша барлау жұмыстары кезінде оқыс оқиға орын алса, жедел түрде осы жол полициясы немесе Ұлттық ұлан әскерлері тиісті көмек көрсетуге міндетті. 

Елімізде орын алған табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар бойынша биылғы жылғы алты айда 112 нөміріне 2 688 520  қоңырау келіп түсті. Ал төтенше жағдай министрлігі бөлімшелері оқыс оқиға орнына 41402 рет шықты. Қызметкерлер жалпы саны 61494 адамды эвакуациялап, 9850-ін құтқарды. Ал зардап шеккендер саны 2985-ке жетіп, оларға медициналық көмек көрсетілді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13