AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 11 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық жұмыс...

11 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық жұмысқа орналасты

Әлеумет 27.07.2021, 11:35 1,579
11 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық жұмысқа орналасты
Сурет: Rg.ru

2021 жылы көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 251,8 млн теңгеге 113 арнайы жұмыс орнын құру жоспарланған.


Үстіміздегі жылдың алты айында мемлекеттік бағдарлама аясында 11,6 мың мүгедектігі бар адамға (МБА) жұмыспен қамтуды қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«9,4 мың МБА жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 3,3 мыңы тұрақты жұмыс орындарына, ал 6,1 мыңы уақытша жұмыс орындарына (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар) тұрғызылды. Жоғарыда аталған кезеңде қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 362 адам қамтылды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1185 МБА оқытылды, оның ішінде 127-сі өз жобаларын қорғап шықса, 45-і грант, 2-і шағын несие алды», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Мамандардың хабарлауынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 158 адам шағын несие алса, тағы 524 мүгедектігі бар адамға қайтарымсыз грант бөлінді.


Бұдан басқа, МБА арналған жұмыс орындары квотасы шеңберінде 4,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Тиісті квоталарды жергілікті атқарушы органдар «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес, ауыр, еңбек жағдайы зиянды және қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4%-ға дейінгі (кемінде 50 адам) мөлшерінде белгілейді. 



«Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе негізінде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау енгізілді. 2021 жылы көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 251,8 млн теңгеге 113 арнайы жұмыс орнын құру жоспарланған», – деп хабарлайды баспасөз қызметі. 



Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 19,3 млн теңге игеріліп, 9 арнайы жұмыс орны құрылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#работа #Минтруда #еңбекмин #Қазақстан #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);