AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 0,1 проценттік кредит кімге беріледі?

0,1 проценттік кредит кімге беріледі?

Әлеумет 19.05.2022, 05:48 1,431
0,1 проценттік кредит кімге беріледі?
Сурет: News.mail.ru

Бюджет қаржысы алдымен квазимемлекеттік компанияларға бөлінеді.


Олар өз кезегінде тағы қосымша қаражат тартып, кәсіпкерлерге төмендетілген мөлшерлемемен кредит бере алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қаржы министрінің айтуынша, 0,1 процент бұл тым төмен мөлшерлеме емес.


Ерұлан Жамаубаев бюджеттік кредиттердің не себепті төменгі мөлшерлемемен берілетінін түсіндірді.


Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер әлеуметтік желіде тараған үкімет басшысының қаулысына түсініктеме беруді сұрады. Осы құжатта бюджеттік кредиттер туралы жазылған. Мөлшерлемесі өте төмен, небәрі 0,1 процент. Ондай кредиттер «Бәйтерек» ұлттық холдингі арқылы сан алуан жобаларға таратады.


Мәселен, 55 миллиард теңге жүк көліктерінің жетекші белдемелерінің арқалықтарын көбірек шығаруға бөлінді деген мәлімет бар.


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай бюджеттік кредиттердің бар екенін растады.


Оның айтуынша, бюджет қаржысы алдымен квазимемлекеттік компанияларға бөлінеді. Олар өз кезегінде тағы қосымша қаражат тартып, кәсіпкерлерге төмендетілген мөлшерлемемен кредит бере алады.



«Бюджеттік кредиттер алдымен квазимемлекеттік ұйымдарға беріледі. Ол «Бәйтерек» холдингі немесе Қазақстанның даму банкі болуы мүмкін. Олар өз кезегінде нарықтан тағы кредит алады да, барлық ақшаны араластырады. Сосын нақты секторға жеңілдетілген кредит береді», - деді Жамаубаев журналистерге берген сұхбатында.



Министрдің айтуынша, 0,1 процент бұл тым төмен мөлшерлеме емес. Себебі бюджеттік кредиттің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге қарызға берілген ақшаның мөлшерлемесін барынша азайту.



«Қазіргі кезде нарықтағы теңгемен берілген кредиттің мөлшерлемесі 15 проценттен жоғары. Кәсіпкерлер қиналып жатыр. Біз олардың қолдауымыз керек қой. Банктер кредит бермей жатса, экономика қалай дамиды? Жұмыс орындары қалай ашылады? Өндіріс орындары қалай жұмыс істейді? Оларға айналма ақша керек. Осыған байланысты біз жеңілдетілген процентпен алдымен квазимемлекеттік секторға бөлеміз. Соның арқасында кәсіпкерлер төмен мөлшерлемемен кредит ала алады», - деп атап көрсетті Жамаубаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кредит #мөлшерлеме #процент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);