Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / БҰҰ мәліметі бойынша, 44 миллион адам аштық алдынд...

БҰҰ мәліметі бойынша, 44 миллион адам аштық алдында тұр

Әлем 19.05.2022, 05:18 1,104
БҰҰ мәліметі бойынша, 44 миллион адам аштық алдында тұр
Сурет: Biz.censor.net

811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді.


БҰҰ мәліметі бойынша әлемнің 38 еліндегі 44 миллион адам аштық алдында тұр, ал 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді. Бұл туралы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: іс-қимылға шақыру» министрлік конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған конференция азық-түлік тапшылығына неғұрлым бейім елдердің кең тобын және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді біріктірді. 



«БҰҰ мәліметі бойынша әлемнің 38 еліндегі 44 миллион адам аштық алдында тұр және 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді»,- делінген хабарламада. 



Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Германия, Италия, Пәкістан, Румыния, Түркия Сыртқы істер министрлері және БҰҰ-ға мүше 30 елдің өкілдері, сондай-ақ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы халықаралық ұйымдар басшылары, сондай-ақ Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация қатысты. 


Мұхтар Тілеуберді сөзінде Қазақстан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ Ауғанстан аумағына халықаралық гуманитарлық көмекті жеткізудің сенімді жолдарын қамтамасыз етуге жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.



Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Қазақстаннан Ауғанстанға өткен жылдың қазан айында ауған халқы үшін 20 мың тонна ұн сатып алды.




«Осыған байланысты біз осы мәселеде барлық мүдделі және халықаралық құрылымдардың, соның ішінде Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі ислам ұйымының қолдауына және қатысуына үміт артамыз», - деп мәлімдеді министр. 



Сонымен қатар, ҚР делегациясының басшысы серіктес мемлекеттерді мұқтаж елдер үшін ауыл шаруашылығы секторындағы еңбек өнімділігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша халықаралық қаржылық қолдауды күшейтуге шақырды.


Сол күні ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен екіжақты кездесу өткізді. 


Тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз ынтымақтастықтың серпіні мен перспективаларын талқылады. 


Министр Жаңа Қазақстанды құру бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары және ҚР Конституциясына түзетулер енгізу бойынша алдағы референдум туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.


Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысына Мемлекет басшысы атынан биылғы жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне шақыру тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #азық-түлік #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика