Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді
Таяу Шығыс елдеріндегі эскалация жағдайында Қазақстанға 61 рейс орындалып, жалпы 10 033 жолаушы тасымалданды. Рейстер Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia компаниялары арқылы жүзеге асырылып, Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына бағытталды. Азаматтық авиация комитеті мен мемлекеттік органдар ел азаматтарын қауіпсіз елге жеткізу жұмысын жалғастыруда.