конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Air Astana ұшақтарының саны 57-ге жетті

Air Astana ұшақтарының саны 57-ге жетті

Әлеумет 08.11.2024, 13:46 951
Air Astana ұшақтарының саны 57-ге жетті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы – Air Astana акционерлік қоғамы осы жылдың үшінші тоқсанындағы және 2024 жылдың 9 айындағы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялады.

Компанияның мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 10,4%-ға өсіп, 410,0 млн АҚШ долларға жеткен. Жолаушы тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 9,9%-ға артып, компания 9 ай ішінде 2,8 миллион адам тасымалдаған.

Air Astana тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер компанияның өзге де жетістіктері туралы айтып өтті:

– Мен жалпы авиация саласына жасалып жатқан қысымдарға қарамастан, үшінші тоқсандағы қызметтің жоғары нәтижелері туралы қуана хабарлаймын. Біз компанияның тасымалдау сыйымдылығы мен операциялық тиімділігін арттыруда айтарлықтай жетістіктерге жетудеміз. Біздің флотты дамыту жоспары кестеден озып орындалып, ұшақтар саны 57-ге жетті. Сонымен қатар, біз 2024 жылы флоттан екі E2 ұшағын шығардық, ал келесі жылы да E2 ұшақтарын шығаруды жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Сондай-ақ, Питер Фостер Air Astana тобының Жапония әуе компаниясымен серіктестік орнатқанын атап өтті:

– Тамызда біз әлемдегі үздік әуе компанияларының бірі Japan Airlines (JAL) компаниясымен кодшерингтік келісімге қол қойдық. Бұл Қазақстан мен Жапония арасындағы іскер адамдар мен туристер үшін қатынасты арттырады және елдеріміз арасындағы жолаушылар легі мен тауар айналымын кеңейтуге ықпал етеді, – деді ол.

Тақырыпқа орай

Әуе билетін қашан сатып алған абзал?

Питер Фостер, Air Astana тобының бас атқарушы директоры:

– Менің басты кеңесім – ұшаққа билетті алдын ала алыңыздар. Егер Еуропаға саяхаттағыңыз келсе, маусым немесе қыркүйек айларына билет алған абзал. Азия құрлығын аралағыңыз келсе, қысқы мезгіл – ең қолайлы уақыт. Бірақ келесі үш уақыттан аулақ болған жөн: Еуропада Рождество мен жаңа жыл тойланатын кезең, сондай-ақ Қытай жаңа жылы. Бұл уақытта адам көп, және кез келген қызметтің бағасы өте жоғары болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#эйр астана #ұшақ #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Бұл – жаңа дәуірдің бастауы». Актер Бақыт Тушаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 18:23

Алматы жастары қала тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 18:20

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Бүгін 15:33

Алматыда көптонналы жүк көлігі бетон қоршауға соғылды

Бүгін 14:46

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде газ уақытша өшіріледі

Бүгін 11:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);