Мерекеге орай қосымша пойыздар іске қосылады

Мерекеге орай қосымша пойыздар іске қосылады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Республика күніне орай жолаушылар ағынының артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды aqshamnews.kz "ҚТЖ"-ға сілтеме жасап.

Ұлттық тасымалдаушының хабарлауынша, қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша жүреді:

"Ақтөбе-Шалқар" бағыты бойынша №630/629 пойыз 2024 жылдың 22 қазанынан бастап екі күнде бір рет жүреді;

"Астана-Шымкент" бағыты бойынша №204 пойыз 2024 жылдың 21 қазанынан бастап күн сайын жүреді;

"Шымкент-Алматы" бағыты бойынша №216 пойыз 2024 жылдың 22 қазанынан бастап күн сайын жүреді;

"Алматы-Астана" бағыты бойынша №201 пойыз 2024 жылдың 23 қазанынан бастап күн сайын жүреді.

Компаниядағылар пойыздарға әртүрлі қызмет көрсету дәрежесіндегі вагондар, соның ішінде купе және плацкарт вагондар кіретінін хабарлады.

Сондай-ақ қала маңы бағытында 2024 жылдың 25 және 27 қазанында "Қарағанды-Астана" жүрдек электр пойызының бағыты Бурабай курорт станциясына дейін ұзартылады.

№7553/6811/6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электр пойызының бағыты:

Астанадан шығу 10:40, Бурабайға келу 13:15;

Бурабайдан қайту 14:10, Астанаға келу 17:00.

Сонымен қатар 2024 жылдың 25, 26 және 27 қазанында "Ерейментау-Астана-Көкшетау" бағыты бойынша №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамы қосымша вагондармен толықтырылады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:05

09:50

09:40

09:25

09:20

09:10

08:55

08:30

17:53

17:32

17:06

16:43

16:27

15:58

15:49

15:41

15:35

15:29

15:12

14:55

14:45

14:33

14:11

12:32

12:18