Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Вирусолог Алмаз Шарманның ойынша, КВИ-мен ауырғанд...

Вирусолог Алмаз Шарманның ойынша, КВИ-мен ауырғандарға да вакцина қажет

Медицина 24.07.2021, 08:06 1,471
Вирусолог Алмаз Шарманның ойынша, КВИ-мен ауырғандарға да вакцина қажет
Сурет: Almaty.tv

Инфекцияның алдын алудың жалғыз жолы – уақытылы екпе алу.


Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қауіпті індетті жұқтырудың 90%-ы жабық үй-жайларда болатынын айтты. Ол халықты өздерін және жақындарын коронавирустың ерекше қауіпті «дельта» нұсқасынан қорғау үшін вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алмаз Шарман Алматы тұрғындарына санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауды ескертті. Атап айтқанда, адам көп жиналатын жабық үй-жайларға бармауы керек. Сондықтан қалада қауіпті «дельта» коронавирус штамының айналымы жоғары. 



«Ғалымдар коронавирустың бұл нұсқасы неге жұқпалы екенін түсінді. Өйткені, мутация геннің бір бөлігінде пайда болады. Ол интерферон деп аталатын иммундық молекуланың түзілуіне кедергі келтіреді. Бұл иммундық қорғанысты жұмылдыру үшін өте маңызды. Вирус адам ағзасына енген кезде интерферон өндірісін тежейді, иммундық қорғаныс өте баяу басталады және вирус мұрын қуысында көп мөлшерде жиналып, жергілікті қабынуды тудырады. Жұқтырған адам түшкіре бастайды және инфекцияны тез таратады. Бұл - «дельта» нұсқасының бірден бір белгісі», – деді ғалым.



Алмаз Шарманның айтуынша, «дельта» штамы коронавирустың басқа нұсқалары сияқты көптеген адамда симптомсыз болады. Сондықтан инфекцияның алдын алудың жалғыз жолы – уақытылы екпе алу. 


Сондай-ақ вирусолог коронавирусты қайта жұқтырудың себебін түсіндірді. 2020 жылдың қараша айында АҚШ-та жүргенде ол Джонс Хопкинс пен Стэнфорд университетінің әріптестерімен қайта жұқтырудың бес жағдайын талқылады және аурудан кейін иммундық қорғанысты зерттеу қиын деп санайды. 



«Енді біз ауырған және антиденелері бар адамдар да қайталанатын инфекцияларға ұшырауы мүмкін екенін түсіндік. Бұл вирустың мутациясына байланысты. Қазір түрлі мәліметтер бойынша жаңа инфекциялардың шамамен 20%-ы бұрын ауырған азаматтарда байқалды. Бұл науқастар үшін вакцинаның маңыздылығын көрсетеді. Вакцина иммундық қорғанысты айтарлықтай күшейтуге және қайта жұқтырудан қорғануға көмектеседі», – деді Алмаз Шарман. 



Ғалым Алматыдағы инфекциялардың үлесі қарт адамдардан жас адамдарға ауысқанын айтты. Олар иммундық жүйені жаттықтыру үшін вакцина алуы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #екпе #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика