AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Вакцина салдыру қарқыны артып келеді

Вакцина салдыру қарқыны артып келеді

Медицина 29.06.2021, 13:43 2,127
Вакцина салдыру қарқыны артып келеді
Сурет: Informburo.kz

Мұндай мәліметті бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таратты.


Министрдің айтуынша, өткен аптада вакцинацияланғандардың саны 1,6 есеге, яғни 254 мыңнан 405 мыңға дейін өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Халықты вакциналау жалғасуда, шамамен 5,2 млн доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде 1-компонентпен 3 246 795 адам немесе тиісті халықтың 32,8% егілді. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылды», - деді Алексей Цой.



Оның айтуынша, бүгінгі күні егу пункттерінде вакцина дозаларының саны жеткілікті: бірінші компоненттің шамамен 800 мың дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы бар. Вакциналарды аймақтарға жеткізу жалғасуда.


Вакциналаудың тиімділігіне жүргізілген талдауға сәйкес, елімізде сәуір-маусым айларында екпе алған адамдар санының 1,3 млн.-нан 3,2 млн. адамға дейін өсуі, бірінші дозамен вакцина алған адамдар арасында аурушаңдықтың 2 есеге төмендегені байқалады (сәуір айындағы 78 мыңнан маусым айында 33 мыңға дейін).



«Осыған байланысты, "дельта" штамының пайда болуын және аталған штамға қарсы вакциналардың тиімділігін зерттеуді ескере отырып, вакциналаудың елдегі эпидемиологиялық жағдайға оң әсерін тигізетінін атап өткен жөн», - деп түйіндеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. 



Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы бойынша 26 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы қызыл аймақта, оның ішінде 5 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары бар, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 



«Соңғы аптада короновирустық инфекциямен сырқаттанушылық 39%-ға өскені байқалады. Республика бойынша 29 маусымдағы жұқпалы аурулар төсегі – 27% (7 125 төсек), реанимация төсегі – 24% (589 төсек)», - деді Алексей Цой.



Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты халық көп жиналатын объектілердің қызметін шектеуге бағытталған қосымша шаралар енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #гид #самурай #ниндзя #фильмы #просмотр #Қазақстан #Минздрав #Цой #вакцина #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);