AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық кітапханада 95 мыңнан астам кітап цифрлық ф...

Ұлттық кітапханада 95 мыңнан астам кітап цифрлық форматқа көшірілді

Әлеумет 15.06.2022, 08:07 1,410
Ұлттық кітапханада 95 мыңнан астам кітап цифрлық форматқа көшірілді
Сурет: For.kg

Электронды кітапханада Ұлттық кітапхананың 20 мың құжаты бар. 


Қолданыстағы авторлық құқық туралы заң нормалары оқырманға заманауи авторлардың шығармаларын цифрлық форматта толық оқуға мүмкіндік бермей отыр. Бұл туралы құқық иелерінің республикалық конференциясы барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



 «Авторлық құқық мәселесі кітапхана жұмысына да қатысты. Ұлттық кітап қорын сақтау және басылымдарды барынша қолжетімді ету – ұлттық кітапхана мен республика кітапханаларының басым бағыттарының бірі. Кітап қорын сақтаудың бір жолы – баспа басылымдарын цифрлық форматқа көшіру. Осыған орай, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кітапханада электронды кітапханаларды қалыптастыру үшін кітап қорын ауқымды цифрландыру жұмысы жүргізіліп жатыр», - деді ҚР Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова.



Бүгінгі таңда 100 мыңнан астам отандық басылым цифрлық форматқа көшірілді. Электронды кітапханада Ұлттық кітапхананың 20 мың құжаты бар.


Бақытжамал Оспанованың айтуынша, ҚР қолданыстағы авторлық құқық туралы заңының нормалары оқырманға заманауи авторлардың шығармаларын цифрлық форматта толық оқуға мүмкіндік бермей отыр.



 «Кітапхана қызметіне әр кітапты цифрландыру үшін автордың немесе авторлық құқық иеленушінің жазбаша рұқсатын талап ететін ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық сипаттағы қосалқы жұмыстары кедергі келтіруде. Шығармаларды сандық түрге аударуға автордың келісімінсіз ол қайтыс болғаннан кейін 70 жылдан кейін ғана рұқсат етіледі. Ол уақытта бұл маңызды болмай қалуы мүмкін. Бір жағынан, кітапханалар шығарма авторларының құқықтарын құрметтеуге, екінші жағынан, олардың еңбегін пайдаланушылардың білім беру, ағарту және ғылыми қызметіне кеңінен пайдалануын қамтамасыз етуге міндетті. Бүгінгі таңда біз авторлармен 700-ге жуық келісімшарт жасадық. Біздің ойымызша, авторлық құқықты қорғау саласындағы ұлттық заңнамада әлі де болса кітапханалардың цифрлық ортадағы маңызды және қоғамдық ақпаратқа қолжетімділік орталықтары ретіндегі құқықтарын көздейтін арнайы бап болуы керек. Өйткені, Беларусь елінде осындай заң қабылданған», - деді ол.



Өз кезегінде ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Ермек Алтынбеков 2 маусым күні "Зияткерлік меншік туралы" заң қабылданғанын жеткізді.



«Біз бұл заңды екі жыл талқыладық. Мәжілісте 27 жұмыс тобы, Сенатта 6 комитет болды. Мәжілісте заң жұртшылықпен, авторлық ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен талқыланды. Заң зияткерлік меншік құқықтарын және өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту шараларын қарастырады. Сондай-ақ ұлттық заңнама зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық нормалар мен тәжірибелердің ережелеріне сәйкестендірілді», - деді Ермек Алтынбеков.



Сонымен қатар, шараға жиналғандар зияткерлік меншік құқықтарын іс жүзінде қолдану, шығармашылық қызмет нәтижелерін жасау мен пайдалануды құқықтық реттеу, сондай-ақ олардың экономикамен, ақпараттық қоғаммен өзара әрекеттесуі, цифрландыру, сәулет, баспа ісі және тағы басқа тақырыптар бойынша ауқымды мәселелерді қозғады.


Айта кетейік, конференцияға композиторлар, орындаушылар, фотографтар, журналистер, кинорежиссерлар, продюсерлер, баспагерлер, авторлық құқық иелері, Қазақстанның бизнес өкілдері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана #Қазақстан #цифрлық формат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);