конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Мамандар жаһандық жылынудың Қазақстанға тигізген ә...

Мамандар жаһандық жылынудың Қазақстанға тигізген әсерін айтты

Өмір-өзен 15.06.2022, 08:17 2,054
Мамандар жаһандық жылынудың Қазақстанға тигізген әсерін айтты
Сурет: Gazeta.ru

Каспий теңізінің деңгейі қазіргі кезде 28,68 м төмендеген.


Ондаған жылдар бойы Қазақстанда ауа температурасының көтерілу нормасы әлем елдерінен әлдеқайда жоғары болып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары Серік Сайыров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Кейінгі 40 жылда Қазақстанда ауа температурасы орта есеппен әр 10 жыл сайын 0,32°С жоғарылап отырды. Бұл жер шары бойынша ауа температурасының көтерілу нормасынан әлдеқайда көп. Дүниежүзіндегі орташа өсу қарқыны 0,18°С деңгейінде, яғни жаһандық жылыну деңгейі әлем бойынша Қазақстанда өте жоғары. Ал, 2021 жыл еліміздегі ең жылы бесжылдыққа кіріп отыр. Көрсеткіш аномалиялық өзгеріс енгенге дейінгі орташа жылдық температурадан 1,5°С артық. Сондай-ақ, жазда аптап ыстықтың қайталануы жиілеп келеді. Құрғақ аймақтарға жаңбыр жауу ұзақтығы артып барады. Республика бойынша күндізгі және түнгі аяздардың жиілігі төмендей бастады», - деді Серік Сайыров. 



Сонымен қатар, соңғы 35 жылда Қазақстанда гидрологиялық құбылыстар да жиілеген. «Қазгидромет» мәліметінше, су тасқыны қаупі орта есеппен 42 оқиғаға көбейді. Бұдан өзге Серік Сайыров Каспий теңізінің тартылып бара жатқанына тоқталды. 



«Каспий теңізінің деңгейі қазіргі кезде 28,68 м төмендеп, 23 мың шаршы шақырымға тартылды. Ал, Балқаш көлінің толқуы 342,5 м деңгейінде. Балқашта шұғыл өзгерістер жоқ. Каспий теңізі қатты таяздап кетті», - деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары. 



Серік Сайыровтың айтуынша, мұндай экологиялық мәселердің себебі – жаһандық жылыну деңгейінің жоғарылағаны мен қоршаған ортаға деген қамқорлықтың жоқтығы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазақстан #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтерге тіркелетіндер саны шектелуі мүмкін

Бүгін 17:31

Текелі омарта өнімдерін жаңа деңгейге шығармақ

Бүгін 17:05

Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі

Бүгін 16:11

Қазақстан білім беру және таланттардың аймақтық орталығын құруда – Саясат Нұрбек

Бүгін 16:06

Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдегі ең үздік 25 елдің қатарына енді — Катаржина Вавьерниа

Бүгін 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);