Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері

Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері

Әлеумет 14.02.2026, 16:30 246
Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері
интернет

1. Жоғарғы сот төрағасын тағайындаудың еселігіне шектеу енгізіледі және оны Қазақстан Республикасы Президентінің жеке-дара тағайындауы бекітіледі. Бұл ретте Жоғарғы соттың судьяларын құрылтайшы Президенттің ұсынуы бойынша сайлайды және босатады.

Конституцияда Жоғарғы сот төрағасын Президенттің жеке-дара тағайындауы жоғарғы сот сатысының басшылығын қалыптастырудың бірыңғай, түсінікті және заңды тәртібін белгілейді және кадрлық шешім үшін саяси-құқықтық жауапкершілікті шоғырландырады.

«Бір реттен артық емес» деген шектеу басшылықтың ұзақ мерзімді тұлғалануына жол бермейді, тұрақты бейресми тәуелділіктердің тәуекелдерін төмендетеді және ротация деңгейін арттырады, бұл өз кезегінде сот жүйесінің институционалдық тәуелсіздігін және оның бейтараптығына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді. 

Осыған ұқсас тәсіл Бас прокурорға және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қолданылады.

2. Сот төрелігін жүзеге асыру қағидаттары қайта қаралды.

Адвокатура институты алғаш рет Конституция деңгейінде бекітіліп, оның мақсатын сот қорғауы мен заң көмегіне құқықты іске асыруға жәрдемдесу ретінде анықтайды.

Сондай-ақ заң көмегін заңға сәйкес адвокаттар мен өзге де адамдар көрсететінін белгілей отырып.

Адвокатураны конституциялық тану адвокатураны сот төрелігі мен адам құқықтары инфрақұрылымының жүйелік элементі ретінде белгілеу арқылы қорғау құқығының кепілдігін және білікті заң көмегіне қол жеткізуді нығайтады.

Қызмет тәртібі, құқықтар, міндеттер және жауапкершілік мәселелері бойынша заңға бір мезгілде сілтеме жасау адвокатураның тәуелсіздігі мен кәсіби бақылаудың қажетті тетіктері арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, сондай-ақ құқық қолдану практикасының дамуына байланысты реттеудің икемділігін қамтамасыз ете отырып, сапа, этика және тәртіптік жауапкершілік стандарттарын егжей-тегжейлі белгілеуге мүмкіндік береді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика