AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жұмыртқаны қымбаттатқандар жазаланды

Жұмыртқаны қымбаттатқандар жазаланды

Заң мен тəртіп 15.02.2026, 12:31 576
Жұмыртқаны қымбаттатқандар жазаланды
Сурет: Gov.kz

Жетісу облысында жұмыртқа мен майдың бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыртқа мен май әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жатады. Ал ондай тауарлардың үстемеақысы 15 проценттен аспауға тиіс. Жетісу облысында тексеріс кезінде кейбір кәсіпкерлердің бұл талапты сақтамай отырғаны анықталды.

"Сауда компанияларының біреуі жұмыртқа өндірушіден бір данасын 50 теңгеден сатып алып, оны жиырмадан астам фирмалық дүкенде 60–75 теңге аралығында сатқан. Сауда үстемесі 20–50%-ға дейін жетіп, рұқсат етілген шектен айтарлықтай асқан. Әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылғаннан кейін жұмыртқа бағасы төмендетілді", - дейді тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мамандары.

Сол сияқты тағы бір компания сары майды басқа серіктестікке жеткізіп, артынан оны жеті сауда желісі мен үй жанындағы дүкендер арқылы 40–61% сауда үстемесімен сатқан. Барлық кәсіпкерге айыппұл салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыртқа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);