TikTok платформасы мен Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2024 жылы #ҚазақстандаЖасалған байқауын бастады. Бұл бастама жергілікті кәсіпкерлерді біріктіріп, өздерінің істері мен еліміз үшін маңыздылығын танытуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Республика аумағындағы кәсіпкерлер өз тарихтарымен бөлісіп, жобалар туралы видеоларын байқау хештегіне салып жариялады. Бұл видеолардан үздіктері төрт номинация бойынша таңдалды: «Әлеуметтік бизнес», «Экологиялық кәсіпкерлік», «Жастар кәсіпкерлігі» және «Бір ауыл – бір өнім». Әр номинацияның жеңімпаздары Қазақстан экономикасына қосқан үлесі үшін сыйлық ретінде iPhone 16 Plus алады. Енді жеңімпаз кәсіпкерлермен жақынырақ танысайық.
Әлеуметтік бизнес
«Әлеуметтік бизнес» номинациясында жеңімпаз атанған Екатерина Руффтың жобасы – «Амалия» абилитациялық орталығы, ол дамуында қиындықтары бар балаларға арналады. Абилитация - балалардың жаңа дағдыларды меңгеруіне және күнделікті өмірге бейімделуіне көмектесу. Орталық Астана, Алматы, Қарағанды және Қостанай қалаларында жұмыс істейді. Екатерина өзінің видеоларында әлеуметтік бизнестің балалардың әлеуетін ашуға, өз-өзіне сенімділік қалыптастыруға және қоғамға сәтті интеграциялануға қалай көмектесетінін көрсетеді.
Экологиялық кәсіпкерлік
«Экологиялық кәсіпкерлік» номинациясында Маңғыстау облысының тұрғыны Нұркия Бекниязова жеңіске жетті. Ол «ITprof сервис» кәсіпорнының директоры, компания қайта өңдеу үшін екінші реттік шикізатты жинау және сұрыптаумен айналысады. Бұл жоба экологияны сақтау мен тұрақты бизнес шешімдерін енгізуге бағытталған. Кәсіпорын Актау қаласында қоқыстарды сұрыптау жүйесін алғашқылардың бірі болып енгізген. 8 жыл ішінде 10 000 тоннадан астам екінші реттік шикізат жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.
Жастар кәсіпкерлігі
«Жастар кәсіпкерлігі» номинациясында 23 жастағы Жаңаөзен тұрғыны Дүйсенғали Нұржан жеңіске жетті. Оның «Ozen Sabyn» мылын шығару жобасы жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған. TikTok платформасы оның бренді мен өнімін танытуға, жаңа клиенттер тартуға көмектесуде. Нұржан өз жобасының танымалдылығын арттырып қана қоймай, басқа жастарды да өз бизнес бастамаларын құруға ынталандырады.
Ауылшаруашылық бизнес
«Бір ауыл – бір өнім» номинациясының жеңімпазы – Шығыс Қазақстан облысындағы Быструха ауылының тұрғыны Полина Троеглазова. Полина омарташы. Бұл кәсіпті жалғаушы төртінші ұрпақ. Атасынан алған тәжірибені жалғастыруда. Оның жобасы ауылдық бизнесті қолдауға және жергілікті өнімдерді ілгерілетуге бағытталған. Полина табиғи бал негізінде ерекше өнімдер жасайды, оның ішінде кедр жаңғағы мен итмұрын бар. Бұл өнімдер тек дәмді ғана емес, сондай-ақ пайдалы.
Полина жобасы агротуризмді дамытуға, омартаға экскурсиялар ұйымдастыруға және бал өндіру процесін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оның жобасы ауылдық аймақтарда жаңа жұмыс орындарын құрып, экономикалық өсуге ықпал етеді.