AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама жүйес...

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде тәуелсіз сарапшылар институты пайда болды

Әлеумет 20.02.2025, 11:35 1,178
Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде тәуелсіз сарапшылар институты пайда болды
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға сырттай проактивті форматта жіберетін азаматтарды куәландыру жөніндегі тәуелсіз сарапшылар институты енгізілді.

Тәуелсіз сарапшылар институтын енгізу денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарын медициналық-әлеуметтік сараптамаға тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ МӘС қызметін кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ықпал етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін азайтады және мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Осы институтты тиімді енгізу мақсатында 2024 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптамаға тәуелсіз сарапшыларды тарту тетігі сыналды. Пилоттық жобаға 18 дәрігер қатысып, МӘС-тің 7 532 актісі қаралды.

Пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдауда. Өтініштер Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі, бұл ретте үміткерлер дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

Бұрын хабарланғандай, бүгінде сырттай куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі. 2025 жылдың басынан бері осы форматта Қазақстанның барлық өңірлерінен МӘС-ке түскен 8,5 мыңнан астам өтінім қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тәуелсіз сарапшылар #институт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03

Алматы қаласында Белсенді ұзақ өмір орталықтары арасында қалалық үстел теннисі турнирі өтті

Бүгін 17:58

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);