конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тарих жүгін сүйреген пойыз Алматы-2 вокзалына келі...

Тарих жүгін сүйреген пойыз Алматы-2 вокзалына келіп тоқтады

Барлығы 09.05.2025, 15:09 797 Дина
Тарих жүгін сүйреген пойыз Алматы-2 вокзалына келіп тоқтады
Алматы қаласы әкімдігі

Жеңіс күні қарсаңында Алматыда мерекелік шаралар мазмұнының әр алуандығымен есте қалды. Тарихи датаны еске алуға арналған шаралар қатарында «Жады пойызын» қарсы алу салтаты мерекенің мәнін аша түсті.

Алматы-2 теміржол вокзалының перронында өткен мерекелік жиынның шымылдығын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ашты. Ал теміржолшылар мен мектеп оқушылары потриоттық әндер шырқап, жеңіс рухына арнғалғна өлеңдер оқыды.

Іс-шараның басты мәні тарихи паровоздың Алматы-2 перрорына қойылуы болды. Бұл паравоз соғыс аяқталған 1945 жылы Берлиннен Алматыға әкелінген. Соғыс дәуірінің жәдігері Алматы теміржолындағы соңғы тарихи паравоз саналады.

–
"Бүгін бұл тарихи паравозды соғыс кезінде пайдаланылған вагондарымен бірге шығарып, осында алып келдік. Ондағы мақсатымыз тарихтың бір үзігін қазіргі ұрпаққа көрсету, сол кездегі қолданылған техникаларды, теміржолшылардың еңбегін, олардың жеңістегі рөлін ұғындыру. Алматы темір жолында соғыс кезінен бері сақталған соңғы паравоз, сондықтан оның тарихи құны жоғары", – дейді Алматы теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дуан Омаров.
–
"Жеңіс күнінде Алматы-2 теміржол вогзалына тарихи эшелон келіп тұр. Бүгінгі ұлттық-патриоттық іс-шараға көптеген жастардың келіп қатысып жатқаны қуантады. Жастарымыздың өз тарихын білумен қатар аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігін ұмытпауы, бүгінгі бейбіт отанымызды сүюі де аса маңызды деп ойлаймын", – дейді вогзал шаруашылықдепартаменті директорының орынбасары Қажымұқан Ибрагимов.

Тарих жүгін сүйреген пойызды көруге келген алматылықтар арасында 6 жастағы Қадыржан да болды. Ол анасымен бірге мерекелік шараны көруге арнайы келген.

–
Мұндай пойызды бұрын көрмеген екенмін. Барлық ванондарды аралап көрдім, адамдар да көп болды. Маған бұның бәрі қызық болды, – дейді Қадыржан Қалмұратұлы.

Ол тарих эшелон жанында тұрып «Соғыс болмаса екен, бейбітшілік орнаса екен! Әлемнің бар балалары алаңсыз ойнаса екен!» деген әнін шырқады. Концерттік шаралардан кейін ардагерлер мен теміржолшылар, мектеп оқушылары әскери-дала асханасынан тамақтанып, естелік суреттерге түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыз #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Киберқылмыстың алдын алу және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Бүгін 10:25

Алматыдағы демалыс жәрмеңкелерінде сауда көлемі шамамен 20%-ға артты

Бүгін 10:22

Енді психологтар тіркеуге тұрады

Бүгін 10:10

3 шілдеде ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:04

Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфрақұрылымын дамыту мен жаңа жобаларды талқылады

Кеше 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);