Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тамақ арқылы вакцина алуға бола ма?

Тамақ арқылы вакцина алуға бола ма?

Әлеумет 07.08.2023, 06:27 955
Тамақ арқылы вакцина алуға бола ма?
almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік желілерде мәжбүрлі вакцинацияның жаңа әдістерінің пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Адвокат Томас Ренц енді адамдарға ауа мен тамақ арқылы вакцина алуға болады деп мәлімдеді, мұны кейбір зерттеулер растайды екен. Сонымен қатар Ренц адамдарды қазірдің өзінде олардың келісімінсіз және ескертпестен вакцинациялап жатқанын атап өтті. Бұл жалған.


Томас Ренцтің адвокат ретіндегі жұмысы COVID-19 пандемиясы кезінде белсенді болды. Ренц бірнеше рет вакцинацияға қарсы шығып, олар мыңдаған адамның өліміне себеп болды деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Үкімет пен фармацевтикалық компаниялар вакциналар арқылы адамдарды өлтіреді деп сотқа талап-арыздар берген. Бірақ оның барлық айыптаулары дәлелсіз, ал мәлімдемелері вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейтін клиникалық сынақтар мен зерттеулерге қайшы келеді.



Ғалымдар аэрозольді және жеуге жарамды вакциналарды әзірлеп жатыр.



Аэрозольді вакцинацияның адамдарды тез және жаппай иммундаудың бірқатар артықшылықтары бар. Сонымен қатар вакцинацияның бұл әдісі иммунитеттің дамуына әкеліп қана қоймай, бүкіл ағзаны тиімді, жаппай қорғауға әкеледі. Оңтүстік Америкада қызылшаға қарсы аэрозольді тірі вакцина сынақтары жүргізілді, бұл аэрозольді иммундаудың перспективасын көрсетті. Сондай-ақ А тұмауына қарсы белсенді емес немесе тірі әлсіретілген аэрозольді вакцинаны зерттеудің де нәтижесі жақсы болды.



Сынақ кезінде оң әсер болғанына қарамастан, мұндай аэрозольді вакциналар жоғары техникалық талаптарға байланысты әлі өндірілмейді және қолданылмайды. Сондай-ақ аэрозольді вакциналарды жеткізу мен олардың оңтайлы құрамы бойынша шешілмеген мәселелер бар.



Жеуге жарамды вакциналар теориялық тұрғыдан инъекцияға жақсы балама болып саналады. Олар арзан, қолдану үшін медициналық персонал мен жабдықты қажет етпейді, сонымен қатар тасымалдау және сақтау әлдеқайда оңай. Қазіргі уақытта жеуге жарамды вакцина жасау үшін темекі, картоп, қызанақ, банан, жүгері және бұршақ дақылдары сияқты өсімдіктерді қолдану қарастырылуда.



Алайда, қазіргі уақытта мұндай екпелер өндірілмейді және пайдаланылмайды. Негізгі себептердің бірі – дозаны реттеу мәселесі, өйткені ол әр партия мен өсімдікте бірдей болмауы мүмкін. Осыған байланысты адамдар вакцинаны тым көп немесе керісінше аз алуы мүмкін. Бұл аурудың өршуіне әкеледі. Сонымен қатар кейбір өсімдіктер көбінесе шикі емес, өңделген күйде қолданылады. Ас пісіру вакцинаның мөлшерін азайтып, препараттың әсерін әлсіретуі мүмкін.


Демек, аэрозольді және жеуге жарамды вакциналар әзірлену сатысында, қазіргі уақытта олар халыққа қол жетімсіз. Ал адамдарды олардың келісімінсіз вакцинациялайды деген мәлімдеме – фейк болып саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Томас #вакцина #ауаментамақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі