Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Талдықорған епископы Нектарий Орыс Православ шірке...

Талдықорған епископы Нектарий Орыс Православ шіркеуінің COVID-19 вакцинасына қатысты ұстанымын айтты

Жақыныңа жанашыр бол! 09.08.2021, 10:29 2,562
Талдықорған епископы Нектарий Орыс Православ шіркеуінің COVID-19 вакцинасына қатысты ұстанымын айтты
almaty-akshamy.kz

Пандемия кезінде дінге сенушілер шіркеуге жүгінеді, онда олар вакцинаға да қатысты сұрақтарға жауап іздейді. Алматы епархиясының викары, Талдықорған епископы Нектарий Орыс Православие шіркеуінің вакциналау мәселесіне танымы туралы айтып, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жұмыс істейтін ғалымдар мен дәрігерлердің алғыс пен құрметке лайық екенін атап өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.
 


Дін өкілінің айтуынша, бүгінде біздің қоғам әлі бұрын кездеспеген коронавирустық инфекцияның ауыр сынақтарын бастан өткеруде.




 
«COVID-19 көптеген адамдардың өмірін қиды және елдер мен халықтардың өміріне айтарлықтай кедергі келтірді. Салдарын жоюға және аурудың одан әрі таралуына жол бермеуге көп күш салып жатқан ғалымдар мен дәрігерлер зор ризашылық пен құрметке лайық. Күрес шараларының бірі ретінде мамандар вакцина алуды ұсынады. Бүгінде бұрынғыдай медицина ғылымының, соның ішінде екпе арқылы көптеген аурулардың алдын алуға, өлім-жітімді төмендетуге және өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік туды», - дейді алматылық епархияның викары. 




 
Ол көптеген эпидемиялар кезінде екпе қолдану арқылы жойылғанын қадап тұрып айтты. ОПШ өкілі осы жылдың мамыр айында Мәскеудегі Сретенская теологиялық академиясында православ ілімі аясында вакцинация мен этикалық мәселелерді талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілгенін хабарлады. Сарапшылар мен православиенің қауымдастық өкілдері вакцина салдыру немесе одан бас тарту әр адамның жеке шешімі деді. Ал вакциналау туралы теріс пікір таратушылардың жалған сөздеріне сенбеу, жасырын чиптеу туралы конспирологиялық пікірлер «анархист мөрінің қабылдануымен» бірдей деп саналатын жалған ілімдердің таралуы үлкен күнә екенін атап өтті. 




 
«Шіркеу иммунология саласындағы зерттеулер мен коронавирустық инфекциямен күресудің түрлі медициналық шараларын дамытуды, вакциналау мәселесінде жеке құқықтың сақталуын қолдайды», - деді Талдықорған қаласының Нектарий епископы.  




Ол Қазақстанның православ шіркеуінің басшысы, Астана мен Қазақстан митрополиті Александрдың бастамасымен Алматы қаласының тұрғындары үшін Ресейден Спутник V вакцинасының 10 800 дозасы сатып алынғанын айтты. 1-ші және 2-ші компоненттермен 5400 алматылықты коронавирусқа қарсы вакциналауға болады. 
 
Вакцина Алматыға 2021 жылдың 9 тамызында Әулие Люк атындағы медициналық орталыққа (Войно-Ясенецкий) жеткізіледі, содан кейін Алматы қаласы әкімдігінің өкілдеріне тапсырылады. 
 
ОПШ өкілі вакцина тұрғындардың денсаулығын сақтап, олардың ағзасын нығайтады деп санайды. 
 
Атап айтқанда, әлемдік діни өкілдері вакциналанудан бас тартатын барлық діни сенушілер тек өздерін ғана емес, айналасындағылардың денсаулығын ойлаулары тиіс. Өйткені, барлық дін ең алдымен жақындарын қорғауды басты парыз санайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #епархия #шіркеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика