ffin.kz

Референдумда алғашқылардың бірі болып Қытайдағы дауыс беру учаскелері ашылады

Референдумда алғашқылардың бірі болып Қытайдағы дауыс беру учаскелері ашылады Сурет: ашық дереккөз

Атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдумға алғашқылардың бірі болып Қытайда шетелдік дауыс беру учаскелері ашылды. 

Бұл учаскелер Қазақстанның Бейжің, Шанхай және Гонконгтағы дипломатиялық өкілдіктерінің аумағында ұйымдастырылған. №389 референдум учаскесі Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ғимаратында, Бейжің қаласында орналасқан.

«Референдумға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Дауыс беру күні, орны және уақыты туралы ақпарат таратылды,» - деп хабарлады №389 учаскесіндегі сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аққошқаров.

Оның айтуынша, №389 референдум учаскесінде Бейжіңнің жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, Қытайда уақытша жұмыс істейтін және тұратын қазақстандық азаматтар, сондай-ақ туристер мен іссапарда жүрген азаматтар дауыс береді деп күтілуде.

Бейжің, Шанхай және Гонконгтағы референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де ашылып, 20:00-де жабылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:13

14:06

12:45

12:31

11:50

11:46

11:34

11:32

11:19

11:16

11:05

11:04

10:39

10:30

10:28

10:25

10:21

10:17

10:13

10:09

10:06

10:06

10:03

10:02

10:01