ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП  және  ҚАУІПСІЗДІК

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП  және  ҚАУІПСІЗДІК Сурет: Алматы облысының полициясы

Цифрландыру– «заң және тәртіп» қағидатын енгізудің ең тиімді жолы

Алматы – еліміз үшін маңызды қала. Оның маңыздылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана шектелмейді. Тұтас саяси жүйе мен қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан алып қарасақ та ірі мегаполистегі жағдай маңызды. Сондықтан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты ІІМ мен жергілікті жердегі департаменттер бұл бағытта жұмысты күшейтуде. Бұл, әсіресе, Президент ұсынған «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамдық қарым-қатынасқа енгізу аясында өзекті бола түсуде.

 

Оң динамика байқалады

Елімізде және оның ішінде Алматы қаласында соңғы жылдары қылмыстық құқықбұзушылық саны азайып келеді. Сөзімізге ҚР Бас прокуратурасының ресми құқықтық статистика порталындағы ақпарат дәлел. Ресми ақпаратқа сүйенсек, елімізде 2015 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны азайған. Бұдан 10 жыл бұрын 43 мың тіркелсе, 2024 жылы 13 мыңға азайған. Әрине, мұнда сот үкімі шыққан қылмыстар кіреді. 

 

Алматы қаласы бойынша да криминогенді жағдайда оң динамика байқалады. Дегенмен, мегаполистегі жағдай еліміздегі ең нашар көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Бұған бақылаусыз урбанизация мен әлеуметтенудің нашарлығы себеп болып отыр. 

 

Төмендегі кестеде соңғы үш жылда сотқа дейінгі тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық фактілері бойынша статистикалық мәлімет келтірілген. Алматы республикалық маңызы бар қала болғандықтан өзі сияқты қалалармен салыстырдық. Бұл жағынан Алматы көш бастап тұр. Алайда, соңғы үш жылда сотқа дейінгі тіркелген қылмыс саны едәуір азайған. 2022 жылы 35 мыңға жуық болса, 2024 жылы 24 мыңға түскен. 

 

Астана және республикалық маңызы бар қалалар

2022 ж.

2023 ж.

2024 ж.

Астана

17 144

18 041

17 339

Алматы

34 891

27 576

24 965

Шымкент

9 791

6 533

6 052

 

Қылмыстық құқықбұзушылықпен күрес бағытында Алматы қаласы жақсы көрсеткіш көрсетуде. Алайда, босаңсуға болмайды. Себебі, «Заң және тәртіп» қағидаты құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

 

Тәуекелдер де бар

 

Қылмыстық істерде оң динамика байқалғанымен, әкімшілік және жол қозғалысы оқиғаларына келгенде теріс көрсеткіш тіркелген. Әрине, бұл құқық қорғау органдарының жұмысының әлсіздігін білдірмейді. Соңғы жылдары цифрландырудағы жетістіктер әкімшілік құқықбұзушылық пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен оларды тіркеуге оң әсер етуде. Мұны статистикалық мәліметтер көрсетіп отыр.

 

Ресми статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда республика бойынша әкімшілік құқықбұзушылық саны артқан. Әсіресе, Алматы қаласында жағдай күрделі. Былтыр 2023 жылмен салыстырғанда, құқықбұзушылық екі еседен астам өскен. Төмендегі кестеде Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша статистикалық мәлімет келтірілген. Көріп тұрғанымыздай, Алматы көш бастап тұр. Бұл қалада азаматтар тарапынан құқықтық тәртіп сақтала бермейтінін көрсетеді.

 

Астана және республикалық маңызы бар қалалар

2022 ж.

2023 ж.

2024 ж.

Астана

1 481 645

1 400 036

1 774 421

Алматы

1 584 494

2 038 962

4 487 973

Шымкент

1 041 087

952 058

1 071 918

 

Азаматтар ортақ ереже мен заңды сақтауға

дағдылануы тиіс

 

Әкімшілік құқықбұзушылықтардың басым көпшілігі жол-қозғалыс ережелерін бұзудан көрініс тапқаны бәрімізге белгілі. Бұл туралы қоғамда түрлі пікірлер пайда болды. Тіпті, елімізге «штрафстан» деген атау да берілді. Бірақ мұнда бір дүниені ескеру қажет. Заң бұзылмаса ешкім де айыппұл төлемейді. Иә, заң үнемі жақсартуды талап ететін дүние. Дегенмен, ол бәріне ортақ.

 

Төмендегі кестеде айыппұлдардың ақшалай көлемі келтірілген. Көріп тұрғанымыздай, Алматыда былтыр 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп айыппұл салынған. Әрине, оның бәрі жол-қозғалыс ережелерін сақтамаудан салынған айыппұлдар емес. Десе де, басым бөлігі сондай. 

 

Астана және республикалық маңызы бар қалалар

2022 ж. (тг)

2023 ж. (тг)

2024 ж. (тг)

Астана

16,7 млрд

19,4 млрд

27,9 млрд

Алматы

21,7 млрд

28,6 млрд

60,1 млрд

Шымкент

11,5 млрд

13,6 млрд

13,9 млрд

 

Әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде жол-қозғалыс ережелерін бұзу қаладағы басты мәселеге айналған. Мемлекет пен құқық қорғау органдары бұл бағытта цифрландыру процесін жалғастыра береді. Себебі, бұл – «заң және тәртіп» қағидатын енгізудің ең тиімді жолы осы. Сондықтан азаматтар ортақ ереже мен заңды сақтауға дағдылануы тиіс. Әрине, бірінші кезекте заң бәріне ортақ болуы қажет. Онсыз өркениетті ел құра алмаймыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:21

15:22

14:47

14:25

13:38

12:33

12:10

11:46

11:14

10:45

10:13

09:15

09:12

22:39

20:06

18:29

17:57

17:41

17:25

17:11

16:43

16:28

16:15

15:51