Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Қазақстанда eQonaq бірыңғай ақпараттық жүйесі іске...

Қазақстанда eQonaq бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды

Шешім 17.06.2021, 10:16 2,137
Қазақстанда eQonaq бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды
Сурет:Gov.kz

Қазақстанда туристерді қабылдау электрондық бақылауда болады


Бүгін Sheraton Nur-Sultan Hotel қонақ үйінде eQonaq - туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысы таныстырылды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің таратқан хабарына сілтеме жасап.


Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, вице-министр Ғабидолла Әбдірахымов, күш құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ туристік бизнес-қоғамдастық қатысты.



«Қазіргі негізгі міндеттердің бірі цифрландыру және туристердің келу процестерін жеңілдетуге арналған ақпараттық жүйелерді кеңінен енгізу», - деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова.



Kazakh Tourism басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев шетелдік туристерді тарту мәселелерінде олардың санын ғана емес, атап айтқанда, туристер біздің елде қанша күн тоқтайтынын, қандай орындарға жиі баратынын, қандай қызметтерді пайдаланатынын білу маңызды екенін айтты.



«Туристің Қазақстанда болған күндер санын есептеу үшін қонақ үйде тұрғаны туралы мәліметтерді алу қажет. Біз әрбір мейманхана өз қонақтарының есебін жүргізетінін және оларда осындай мәліметтердің бар екенін білеміз. Міндет - осы деректерді бірыңғай талдау жүйесіне жинақтау», - деді Ержан Еркінбаев.



Әзірлеушілердің хабарлауынша, eQonaq ҚР туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүйелі іс -шарасы және бастапқыда туристік ағын статистикасын реттеуді көздеген болатын.


Сондай-ақ, өткен жылдың қаңтарында Президент шетелдік туристерді міндетті тіркеуден бас тартқаны белгілі. Енді бұл функция орналастыру орындарына бекітілген. Ал көші-қон қызметтеріне ақпарат берудің одан арғы процестерін оңайлату үшін eQonaq жүйесі осы міндеттерге сай интеграцияланған.


еQonaq жүйесін тәжірибе жүзінде пайдалануды Kazakh Tourism ұлттық компаниясы 2020 жылдың IV тоқсанында жүзеге асырған. Қазіргі уақытта жүйе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 383 орналастыру орнында (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс үйлері және т.б.) 21985 туристі тіркеп, енгізген.


Сонымен қатар, жүйені әзірлеушілер Ashyq жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр.



«Өздеріңіз білетіндей, Ashyq жүйесінің арқасында біз кинотеатрларға, дәмханалар мен мейрамханаларға қайта бара бастадық. Ол үшін тек өзіңіздің ЖСН енгізіп, QR кодты сканерлеу қажет. Алайда шетелдіктер ЖСН қазақстандық сәйкестендіргішсіз жүйені пайдалана алмайды, жүйеде шетелдіктер туралы деректер жоқ. Бұл деректерді біз eQonaq жүйесі арқылы ала аламыз. Бұл туристерге ел ішінде қауіп- қатерсіз жүруге мүмкіндік береді, сонымен қатар біз үшін туристер тоқтаған жерлерге ғана емес, сонымен бірге олар орналасқан жерлерге де қосымша мәліметтер қосады. Бұл туризм саласындағы инфрақұрылымды жоспарлау кезінде де көмектеседі, өйткені біз туристер легін көреміз», - деп мәлімдеді Ержан Еркінбаев.



Осы жылдың маусым айында Алакөл, Балқаш, Атырау және Ақтау қонақ үйлеріне eQonaq енгізу жоспарланған. Жыл соңына дейін еліміздің басқа да туристік аймақтарын қамту және eQonaq жүйесі бар қонақ үйлер санын 600-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.


Біздің анықтама: Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылғы шілдеде құрылған. Компанияның негізгі міндеті-елдің туристік әлеуетін шетелде ілгерілету, MICE іс-шараларын тарту, сондай-ақ Қазақстанның туристік саласына инвестициялар тарту.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сагинтаев #чистота #Алматы #благоустройство #Қазақстан #туризм #қесепке алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика