конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Үкіметі жеке қосалқы шаруашылықтарды дам...

Қазақстан Үкіметі жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды көздеп отыр

Әлеумет 01.02.2022, 12:44 1,525
Қазақстан Үкіметі жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды көздеп отыр
Сурет: Facebook.com

Осы мақсатта арнайы заң әзірлеген.


Қазақстан Үкіметі ауыл шаурашылығын дамыту үшін жеке қосалқы шаруашылықтарға жағдай жасалу керектігін айтады. Осы мақсатта әзірлеген заң жобасы Парламентке жіберілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасы жан-жақты қоғамдық талқылаудан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына жіберілді, - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, заң жобасының кейбір сәттері мен нормалары қоғам арасында көптеген сұрақтар туғызды, бірақ жеке қосалқы шаруашылықтар қызметінің заңнамалық негіздерінің қажеттілігі айқын көрінді.


Ресми дерек бойынша, Қазақстанда шамамен 1,6 млн ЖҚШ бар, олар 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2,6 трлн теңге ауыл шаруашылығы өнімін өндірді немесе 41,5%. Бұл ретте қызметтің бұл түрі жеке заңнамалық актімен реттелмеген, олардың мәртебесі анықталмаған.  


Заң жобасы мүдделі органдармен бірге қаралып, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен, фермерлермен, бизнес қоғамдастықпен, белсенді азаматтармен және тікелей ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен жария талқылаудың барлық кезеңдерінен өтті. Нәтижесінде 1600-ден астам ұсыныстар мен ескертулер келіп түсті.


Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша заң жобасы келіп түскен пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, бірнеше рет пысықталды.



«Заңның қорытынды жобасы айтарлықтай нақтыланып, жеке қосалқы шаруашылыққа нақты түсінік берілді және оның мәртебесі кәсіпкерлік емес қызмет түрі ретінде анықталды. Жергілікті атқарушы органдарға жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту үшін жағдай жасау бөлігінде нақты қосымша өкілеттіктер берілген, ең алдымен бұл жайылымдық және шабындық алқаптармен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелері бойынша жауапкершілік күшейтілді, осы мәселе бойынша ауыл тұрғындары алдында әкімдердің есеп беру нормасы енгізілді»,- делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Аталған заңды қабылдау жеке қосалқы шаруашылықтарға олардың кооперативтері арқылы жүргізілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің заңнамалық негізін қалауға мүмкіндік береді. Мұндағы басты мәселе кооперативтердің өз мүшелеріне көрсететін қызметтерінің құнын субсидиялау болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АШМ #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады

Бүгін 10:44

Конституция – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болса, домбыра – халықтың мәдени коды

Бүгін 10:38

Евгений Мұхамеджанов: «Жаңартылған конституцияда экология басты басымдықтың біріне айналды»

Бүгін 10:36

Бүгін Алматыда «Біз – біртұтас Қазақстан халқы!» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 10:33

Ғани Нығыметов: «Жаңартылған конституцияның басты басымдығы – адам, білім мен ғылым»

Бүгін 10:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);