Қазақстан өңірлеріндегі су тасқыны жағдайы қандай?

Қазақстан өңірлеріндегі су тасқыны жағдайы қандай? Сурет: Gov.kz

Су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны қаупі бар учаскелерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Бұл іс-шараларға азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылды.

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап 5,4 миллионнан астам текше метр су сорылды, 855 мың қапшық және 44 мың тонна инертті материалдар төселді. Сонымен қатар 843 мыңнан астам метр су бұру арықтарын тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Су тасқыны кезеңінде 638 адам, оның ішінде 139 бала эвакуацияланды. 380 адам, оның 101 бала үйлеріне оралды. 252 адам, оның ішінде 38 бала уақытша орналастыру пунктері мен туыстарының үйлерінде.

Солтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының 3 учаскесінде  тасыған су бақылауда. 1 елді мекен көлік қатынасынсыз қалуда, бұл Солтүстік Қазақстан облысының Прибрежное ауылы, онда тұрғындар үшін  өткел қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта екі өңір бақылауда: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное, Ольшанка, Вагулино, Соколовка, Большая Малышка ауылдары мен Петропавл қаласының Заречный кентінде тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында тәулік бойы қорғаныш құрылыстарын салу және нығайту үшін қапшықтарды дайындау және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Петропавл қаласының Прибрежное ауылы мен Заречный кентінде халықты жүзу құралдарының көмегімен тасымалдау жүзеге асырылуда. Облыс аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларға ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО күштері мен құралдары жеке құрамынан 2020 адам, 159 бірлік техника, 38 мотопомпа және 25 жүзу құралы  жұмылдырылды. Сонымен қатар Астана қ., Ақмола, Қостанай облыстарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, Азаматтық қорғау академиясынан қосымша күштер мен құралдар тартылды.

Большая Малышка ауылында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан қорғаныш-жер білігі жырылды. Аталған елді мекенде 254 үй бар, онда 666 адам тұрады, тұрғын үйлерді су басқан жоқ. Жер үйіндісі салынуда. Халық жаяу тәртіппен және автомобильдермен құлақтандырылуда. ТЖД күштері халықты алдын ала эвакуациялауда. 148 адам, оның ішінде 24 бала эвакуациялау пункттері мен туыстарының  үйлеріне эвакуацияланды, сондай-ақ 81 бас ірі қара мал қауіпсіз жерге айдалды. Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері анықталды, қабылдауға дайын, оқиға орнында психолог бар.

Тепличное ауылының тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды. 48 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды.

Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Заречное ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су сору және су тасқыны жағдайына мониторингілеу жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысында орта таулы аумақта қардың еруі, таулардың оңтүстік беткейлерінде қардың еруі және жаңбыр түрінде жауған жауын-шашын есебінен су тасқынының екінші толқыны өтуде. Бүгінгі таңда облыстың 27% аумағында қар жатыр. Облыстың жазық аумағының басым бөлігінде қар кеткені байқалды. Қар тек Марқакөл ауданында ғана бар. Облыстың таулы аумағында қар қоры нормаға жақын. Гидрологиялық жағдай тұрақты. «Қазгидрометпен» өзара іс-қимылда қардың жиналуына, топырақтың қату тереңдігіне, су айдындарындағы мұздың қалыңдығына, су деңгейіне, гидротехникалық құрылыстардың толымдылығына мониторинг жүргізілуде. 9 аэровизуалды тексеру, өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілді, 4940 су өткізу құрылысы, 551 км арықтар мен каналдар, 437 көпір тазартылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:57

17:48

17:35

17:14

17:08

16:56

16:56

16:50

16:40

16:35

16:15

16:02

15:46

15:43

15:26

15:24

15:16

14:47

14:36

14:35

14:25

14:04

13:38

13:18

13:02