Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан ЕАЭО елдерімен бес айда 10 млрд долларға...

Қазақстан ЕАЭО елдерімен бес айда 10 млрд долларға сауда-саттық жасады

Саясат 29.07.2022, 16:03 1,650
Қазақстан ЕАЭО елдерімен бес айда 10 млрд долларға сауда-саттық жасады
Сурет: Ашық дереккөз

Қазіргі уақытта комитет 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр


 Қазақстанның Еуразия экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы биылғы бес айда 10 млрд долларды құрады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында мәлім етілді, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысы өтті. 


Алқа отырысында ведомствоның І жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Вице-министр Жанель Кушукованың айтуынша, 2022 жылдың бес айында Қазақстанның сыртқы саудасының оң динамикасы байқалады. 


Биыл қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 51,3 млрд долларды құрады. Экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% өсіп, 34,2 млрд доллар болды. Сондай-ақ Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы оң динамиканы көрсетуді жалғастыруда. 


«Қазақстанның ЕАЭО бойынша әріптестерімен тауар айналымы 2022 жылдың 5 айында 10 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% көп. ЕАЭО елдері нарықтарындағы қазақстандық тауарлар үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс жалғасып жатыр», — деді Жанель Кушукова.


Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова бүгінгі таңда министрлік 9 цифрлық жобаны іске асырып жатқанын хабарлады. Олардың арасында төлем жүйесі бар әлеуметтік әмиянды енгізу де бар.


 «Бүгінгі таңда «әлеуметтік әмиян« пилоттық жобасын жүргізу бойынша жұмыстар мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және ЕДБ-ның қатысуымен жалғасып жатыр», — деді Әсел Жанасова.


 Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов жыл соңына дейін мүдделі органдармен, ұйымдармен және ЕДБ-мен бірлесіп «Әлеуметтік әмиянды» енгізу қажеттігін атап өтті. 


«Жобаны іске асыру оларды пайдалану тиімділігінің мониторингін қамтамасыз ете отырып, халықты әлеуметтік қолдау қаражатын бөлудің цифрлық құралын жылдам құруды қамтамасыз етеді», — деді Бақыт Сұлтанов.


 Алқа отырысы барысында Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев та баяндама жасады. Оның айтуынша, ішкі тауар айналымы өсті. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында тауар айналымының көлемі 20,6 трлн теңгені құрады. Оның ішінде бөлшек саудада 6,1 трлн теңге, көтерме саудада 14,5 трлн теңге болды. 


Қазіргі уақытта комитет 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр:


- сауда саласын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру; 


- сауда инфрақұрылымын дамыту; 


- азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. 


Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов Сауда комитетінің төрағасына АШМ-ның қант саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу жұмысына белсенді қатысуды тапсырды. Ол импортқа тәуелділікті едәуір азайтуға және өзін-өзі қамтамасыз етуге біртіндеп көшуге бағытталуы керек екенін атап өтті.


 Сондай-ақ мүдделі инвесторларды тарта отырып, КТО желісі бар Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуды жеделдету қажет. Алқа отырысы барысында ТРМК төрағасы Арман Әбенов, ТҚҚК төрағасының орынбасары Алмас Әбжаппаров және ҚР СИМ аппарат басшысы Жәнібек Нөпіров министрлік қызметінің мәселелері бойынша баяндама жасады. 


Сауда және интеграция министрі отырысты қорытындылай келе, вице-министрлер мен комитет төрағаларына барлық қабылданған міндеттемелерді, оның ішінде Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.


Сондай-ақ ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының сынына байланысты Сауда комитеті басшылығының жауапкершілігін қарау тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЕАЭО #экономика #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46

Жаңа Конституция бойынша референдум: алматылықтардың белсенділігі соңғы 5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бүгін 23:45

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика