Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Қарашаңырақ–2021» жас режиссерлар қойылымдарына а...

«Қарашаңырақ–2021» жас режиссерлар қойылымдарына арналмақ

Не? Қайда? Қашан? 15.12.2021, 11:34 1,365
«Қарашаңырақ–2021» жас режиссерлар қойылымдарына арналмақ
almaty-akshamy.kz

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  дәстүрлі «Қарашаңырақ–2021» фестивалі өтуде. Шараның мақсаты – театр қызметінің бағыт-бағдарын айқындауға, шығармашылық ізденістерді жүзеге асыруға, актерлік шеберлікті шыңдауға бағдар беру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Дәстүрді ардақтау – Серке сынды ұлағатты ұстаздардан үлгі алу деген сөз. Театр өнерінің майталмандарының рухына арналып жасалып жатқан фестиваль жас ұрпаққа үлкен үлгі болары сөзсіз. Театр қоржыны жаңа қойылымдармен толығуда. Бұл дегеніміз, болашақ ұрпақтың саналы да салмақты, әдебиет пен өнерге құмар болып өсіп келе жатқанының дәлелі. Жастар арасында ұйымдастырылған шаралар олардың қиялына қанат бітіріп, білікті маман болуына септігін тигізіп қана қоймай, мәдениетіміздің өркендеуіне жол ашпақ», – дейді  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов. 



Фестиваль 1995 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылады. Соңғы жылдары театр басшылығы әр фестивальді өмірден өткен сахна саңлақтарының құрметіне арнап жүр. Бұл қазақ өнері хас шеберлерінің рухына тағзым етіп, олардың еңбектерін жас өнерпаздарға үлгі ету мақсатында жүргізілуде.



«Биыл жас режиссерлардың еңбектері бақ сынамақ. Олардың ішінде әлемдік классиктердің аудармалары, әдепкі бағыттан өзгерек, жаңаша стильдегі шығармалары көрермен қауымға ұсынылмақ. Сарапшыларымыз жастардың еңбегін бағалап, таланттар топ жарады деген сенімдеміз», – дейді М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.



Дәстүрлі додаға түскен қойылымдар көшін Олжас Жанайдаровтың «Екеуміз» драмасы бастап, көрермендерді бір серпілтіп тастады. «Сынға түсіп жатқан «Пері қатын» спектаклінің премьерасын Германиядан оралған белгілі режиссер, неміс драматургиясының білгірі марқұм Болат Атабаев ағамыз тамашалап, өз бағасын берген еді. Менің ойымша, біз әр халықтың мәдениетін, салт-санасын театр өнері арқылы көрсетуге тиіспіз. Әр адамның өз талғамы, таным-түйсігі болатындай, қойылымдар мен спектакльдерде де өзгешелік болуы керек», – дейді М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының режиссері Елік Нұрсұлтан.



Жоғары руханиятты орнықтыруға ұмтылуды, сахна өнерінің қоғамға әсер-ықпалын арттыру мен дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызды  жаңғырта  түсу арқылы жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеуді көздейтін фестиваль аясында Шәкен Айманов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Таңат Жайлыбаевтардың шығармашылық ғұмырына арналған арнайы көрме көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарашаңырақ #Тәуелсіздік #театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика