ffin.kz

«Қара суық» келе жатыр

«Қара суық» келе жатыр almaty-akshamy.kz

Қаңтардың 20 жаңасынан Тоқырау амалы көрініс береді. Мұны «қара суық» деп те атаған. Үскіріктің аса қатты кезі.


 «Аққала» демекші, қазақта қарды жинап, үйіп, басына шелек, танауына сәбіз шаншып қоятын балалар ойыны бар.  Соны «аққала» дейді. Қазақта қардан үйдің айналасына тұрғызылған ықтасынды да «аққала» деп атайды. Әуелгі атау осыдан шықты деген де сөз бар.



Ал арыға барып, әлемдік деңгейден іздесек, «аққала» жасау XV ғасырдан бастау алған көрінеді. Италияда мүсінші әрі сәулетші Микеланджело Буонарроти қардан алғаш мақұлықтардың мүсінін жасапты, кейін әр аулада жағымды кейіпкерлердің мүсіндері бой көтере бастайды. XIX ғасырдан бастап, сомдалған қар-мүсіндер жаңажылдық атрибут болып қалыптасқан.



Соңғы жылдары бұл «ойынға» мемлекеттер де кіріскені белгілі. Өйткені, кейінгі кезде елдер арасында «аққала» жасаудан бәсеке бар. Мысалы, Еуропаның Австрия елінде 16,7 метр қар мүсін жасалған болса, АҚШ-тың Бетел қаласында 37,21 метрлік «Олимпия» деп аталатын алып аққала тұрғызылған. «Олимпияны» тұрғызуға 5890 тонна қар жұмсалған көрінеді. Қайсыбір жылдары Алматыда қар тапшы болып, астанадан қар тасыды деген де сөз болды.



Қазақ есепшілері күн мен түннің қысқаруы мен ұзаруын  бақылап, «Шілдеде күн шіл адым қысқарады» (шілденің 22-сінен бастап), «Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» (қаңтар айының 22-сінен бастап) деп есеп жасаған. Күн мен түннің теңелуін, қысқаруын, ұзаруын дұрыс анықтау халықтың тұрмысы мен шаруасына айтарлықтай ықпал етеді. Мысалы, күн айналып, шығыстан шығып, батыстан батады, жаңа ай батыстан туып, батыстан батады. Табиғаттың бұл сырларын қазіргі заманғы астрономия ғылымы да дәлелдеп отыр.



Желтоқсанның 22-сінде ең қысқа күн болды. Сол күннен бастап күн ұзарып, түн қысқара бастады. «Бабаларымыз (сақтар, ғұндар) желтоқсанның 22-сін  ерекше құрметпен күтіп алып, тойлайтын болған. Оны  «Шырша мерекесі» деп атаған. «Күн ұзарып, малдың өрісі кеңейетін, сүт көбейетін болды» деп қуанған. Өткен жолы пайымда сөз еткен  «Қарықаяқ» амалы әлі жүріп жатыр.


Пайымда айтылған болжамдардың кейбірі келген жоқ. Ол, әрине, табиғи құбылыстарға, табиғи заңдылықтардың сақталмауына да байланысты болуы мүмкін ғой.



Қаңтардың 20 жаңасынан Тоқырау амалы көрініс береді. Мұны «қара суық» деп те атаған. Үскіріктің аса қатты кезі. Бұл амалды «қызыл соғып тұр» деп те, «қызылдатып тұр» деп те атайды. Осы мезгілде аяз бетті қарып, үскірік жалап тұрады. Ағаш бұтақтарына сүңгі қатып, қар кеш батқанша қылаулап жауады. Қысқы тоқырау мезгілі болғандықтан тоқырау деп аталса керек. Есепшілер осы амалдан бастап күннің ұзаруы қарқын алады деп санаған. Тоқыраудың тағы бір аты – қылау.



Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, қаңтардың – 11-і. Ай есебі бойынша, – 29-ы. Қазақша 3 күннен кейін қаңтар басталады. Апта айдың басын, ортасын және соңын түгел қамтып тұр. Аспан денелерінің қозғалысына қарағанда алдағы аптада (11–18 қаңтар аралығында) Алматыда жылылық сақталады. Айдың ортасы болғандықтан жауын-шашын көрініс беруі де ғажар емес...




 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51