AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Орталық қалалық клиникалық ауруханада ота жасаудың...

Орталық қалалық клиникалық ауруханада ота жасаудың жаңа әдісі қолданылады

Медицина 07.06.2024, 09:31 1,057 Nursok82
Орталық қалалық клиникалық ауруханада ота жасаудың жаңа әдісі қолданылады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Орталық қалалық клиникалық аурухана ота жасаудың жаңа - аутоплазманы енгізу арқылы эпиретинальды мембрананы жою әдісін қолданатын болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Орталық  қалалық  клиникалық  аурухана жаңа озық медициналық технологияны енгізуді жалғастырып келеді.
Жақында мұнда хирургиялық араласудың жаңа түрі – аутоплазманы енгізумен эпиретинальды мембрананы (мембранопилинг) алып тастау сәтті игерілді. Бұл инновациялық процедура макуланың толық немесе толық емес жыртылуы орын алған витрео-макулярлы тарту синдромы бар науқастарды емдеуге арналған
 
Витрео-макулярлы тарту синдромы - шыны тәрізді дененің макулаға, тордың орталық бөлігіне қалыптан тыс тартылуымен сипатталатын ауру.
Ауру макуланың деформациясы мен жыртылуына әкеледі, бұл көру қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне, кескіндерді бұрмалап қабылдауға және уақтылы шаралар қабылданбаса, соқырлыққа әкелуі мүмкін.

"Орталық қалалық клиникалық ауруханада енгізілген жаңа әдіс инновациялық қадамды эпиретинальды мембрананы алып тастауды (мембранопилинг) қамтиды. Бұл макуланың керілуін жоюға бағытталған отаның негізгі кезеңі.
Біз эпиретинальды мембрананы мұқият алып тастаймыз, макуланы кернеуден босатамыз және тордың қалыпты анатомиялық орнын қалпына келтіреміз. Мембрананы алып тастағаннан кейін пациенттің аутоплазмасы – өсу факторлары мен қоректік заттарға бай қан компоненті - макула аймағына енгізіледі. Аутоплазма тіндердің тез жазылуына ықпал етеді, регенерацияны жақсартады және отадан кейінгі асқыну қаупін азайтады", - дейді офтальмология бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова.

Бұл әдістің бірнеше негізгі артықшылығы бар: жеделдетілген емдеу, өйткені аутоплазма макула тіндерінің тез қалпына келуіне және асқыну қаупін азайтуға көмектеседі, яғни қабыну процесі мен отадан кейінгі басқа асқынудың ықтималдығын азайтады.
Гүлзат Абдраимова жаңа процедурадан өткен алғашқы науқастар көру қабілетін қалпына келтіруде оң динамиканы көрсететінін атап өтті.
Науқастардың көпшілігінде визуалды функцияның айтарлықтай жақсаруы және витрео-макулярлы тарту синдромы симптомдарының төмендеуі байқалады.

"Барлық қызметкерге рахмет, керемет ұжым. Гүлзат Талғатқызы нағыз сиқыршы, Мен сол көзімнің тек 1 пайызы ғана көретін қалыпта ауруханаға түстім. Қазір өте жақсы көремін. Мен бұл ауруханада осындай ота жасай бастағанын естіген бойда  бірден келістім. Мұнда портал арқылы келдім. Ақ халатты абзал жандарға рахмет", - дейді науқас.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #медицина #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);