AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңашылдықты қолдана да, қабылдай да білген маңызд...

Жаңашылдықты қолдана да, қабылдай да білген маңызды

Әлеумет 16.10.2025, 16:15 658 Рая Ескендір
Жаңашылдықты қолдана да, қабылдай да білген маңызды
Сурет: автор

Бүгінгі күні жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары қоғамның барлық саласына еніп келеді. Білім беру жүйесінде, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда (балабақшаларда) ЖИ элементтерін қолдану – балалардың ерте жасынан цифрлық сауаттылығын арттыру мен жеке қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. ЖИ элементтері –  бұл адамның ойлау, талдау, үйрену қабілеттерін еліктейтін бағдарламалар немесе құрылғылар. Мектепке дейінгі деңгейде ЖИ толық жүйе ретінде емес, қарапайым элементтері түрінде қолданылады.  Жалпы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жасанды интеллект (ЖИ) элементтерін қолдану» қазіргі заманда өзекті мәселе екені анық. Сондықтан  аталмыш балабақшадағы оқу қызметінде  ЖИ құралдарын қолданудың әдіс тәсілдерін көрсетті.

- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ЖИ элементтерін пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.   Өткізіліп отырған шараның мақсаты-педагогтарға әдістемелік көмек беріп, цифрлық мәдениетті қалыптастыру.  Педагогтардың шығармашылық әлеуметін арттыру жаңа технологияларды қолданудағы белсенділігін дамыта отырып, интерактивті тапсырмалар, ертегілер мен көрнекіліктер жасау арқылы тәжірибие алмасу алаңын ұйымдастыру,    -дейді №15 бөбекжай-балабақша меңгерушісі Құралай Ұйқасова.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ЖИ элементтерін енгізу – баланың болашақ цифрлық қоғамға бейімделуіне жол ашады. Жиын барысында  семинарға қатысушылар  ЖИ технологияларының түрлерін таныстырып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолдану жолдарын көрсетті.  Мәселен, интерактивті ойындар — баланың жауаптарына қарай бейімделетін оқу ойындары болса, оларға  дыбыстық көмекшілер ретінде  (Google Assistant, Alexa, Alice) құрылғыларын, сурет пен пішінді тану бағдарламаларын, яғни,  баланың салған суретін талдайтын қосымшаларды пайдаланып, танымдық сұрақтарға жауап береді. Балабақша әдіскері Бағдат Нұржекеева, тәрбиешілер  Әсем Мәйкенова, Айша Нұртаева,  психолог  А. Шаймұханова жиынның мағыналы да, маңызды өтуіне ерекше үлес қосты.

Ең бастысы – ЖИ мен адамның өзара әрекетін үйлесімді ету, яғни технологияны құрал ретінде дұрыс пайдалану.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жи #технологиялар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кей қазақстандықтар құмар ойынға қатыса алмайтын болды

Бүгін 12:04

Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Бүгін 11:52

Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүргізеді

Бүгін 11:36

Халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті

Бүгін 11:02

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бүгін 11:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика