Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әрбір жетінші ата-ана баласына уақыт б...

Қазақстанда әрбір жетінші ата-ана баласына уақыт бөле алмайды - зерттеу

Әлеумет 16.10.2025, 15:32 534
Қазақстанда әрбір жетінші ата-ана баласына уақыт бөле алмайды - зерттеу
Сурет: school.synergy.ru

Қазақстанда ата-аналардың шамамен 14 пайызы жұмысбастылықтың кесірінен балаларына жеткілікті көңіл бөле алмайды.

Бұл дерек Балалардың әл-ауқаты индексі бойынша жүргізілген ауқымды әлеуметтік зерттеу нәтижесінде белгілі болды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Зерттеуге 93 мыңнан астам адам қатысқан, оның 52 мыңнан астамы – ата-аналар, қалғаны – оқушылар. Нәтижесінде ата-аналардың 13,9 пайызы баласына уақыт таппай жүргенін мойындаған.

Ең жоғары көрсеткіштер тіркелген өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 17,9%,

  • Алматы қаласы – 17,8%,

  • Қостанай облысы – 17,3%,

  • Ақмола облысы – 16,1%.

Ал ең төмен үлес Шығыс Қазақстан (9,1%), Батыс Қазақстан (10%) және Атырау (10,6%) облыстарында байқалған.

«Ата-ананың тұрақты назары мен қолдауы – баланың эмоциялық тұрақтылығы мен жан тыныштығының басты кепілі. Ал үлкендердің жұмысбастылығы сенімді әлсіретіп, отбасындағы байланысты үзіп жібереді», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Оның айтуынша, «Адал Азамат» бағдарламасы аясында ата-аналарға қолдау көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. Жаңартылған бағдарлама шеңберінде бұл орталықтар енді балалардың психикалық саулығы мен эмоциялық дамуына арналған заманауи әдістерді қамтитын болады.

UNICEF зерттеулеріне сәйкес, ата-ананың баламен күн сайын бар болғаны 10–15 минут еш алаңсыз сөйлесуі:

  • мазасыздықты азайтады,

  • өзара сенімді нығайтады,

  • баланың эмоционалдық тұрақтылығын арттырады.

Комитет мамандары ата-аналарға:

  • күн сайын ең кемі 5 минут баламен смартфонсыз, гаджетсіз ашық сөйлесуге,

  • баланың жағдайына мұқият болуға
    кеңес береді.

Егер балада тұйықтық, ашушаңдық немесе алаңдаушылық белгілері байқалса, ата-аналар:

  • мектеп психологына,

  • Психологиялық қолдау орталықтарына,

  • «111» байланыс орталығына
    жүгінулеріне болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Уақыт #ата-ана #бала #көңіл бөлу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі