Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Мамандық әлемі» атты шеберлік сабағы өтт...

Алматыда «Мамандық әлемі» атты шеберлік сабағы өтті

Әлеумет 16.10.2025, 17:15 407
Алматыда «Мамандық әлемі» атты шеберлік сабағы өтті
Сурет: papagroup.ru

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастарға кәсіби бағдар беру, еңбекке баулу және тәжірибелік дағдыларды дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Мамандық әлемі» атты кезекті шеберлік сабақ өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен қолға алынған WORKSHOP «Еңбек пен шеберлік» жобасының жалғасы ретінде өткізілді. Бұл жерге қаладағы оқу орындарының студенттері мен оқушыларының қатысуымен «Алматы жиһаз фабрикасында» ұйымдастырылды.

Фабрикадағы шеберлік сабағы теориядан гөрі іс жүзіндегі білім мен тәжірибеге басымдық берді. Кәсіпорынның жетекші мамандары жастарға ағаш өңдеу, бөлшектерді дәл өлшеу, бұйым құрастыру және сапаны бақылау секілді нақты дағдыларды көрсетті. Қатысушылар өз қолымен шағын бұйымдар жасап, өз еңбегінің нәтижесін көрудің қуанышын сезінді. Кәсіби мамандардың қасында жүріп, құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйрену, әр процестің мәнін түсіну — жастар үшін жаңа тәжірибе ғана емес, өз қабілетін танып, болашақ мамандығына қызығушылық оятудың тиімді жолы болды.

Іс-шара барысында қатысушылар тек тыңдап қана қоймай, сұрақ қойып, пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Бұл – әдеттегі дәріс емес, нақты өмірмен ұштасқан тәжірибелік диалог алаңы болды. Көптеген оқушы өз болашағы туралы ойланып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие салаларға қызығушылық танытты. Осындай форматтағы сабақтар жастардың кәсіби бағдар алуына және өз қабілетін тануға нақты мүмкіндік береді.

Жоба еңбек адамының мәртебесін арттырумен қатар, жас буынның бойына табандылық, төзімділік және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіруге бағытталған. Бұл – елдің өндірістік әлеуетін арттыруға, кадрлық тапшылықтың алдын алуға және «еңбек адамын үлгі ету» идеясын қоғам санасына сіңіруге арналған кешенді қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамандық әлемі #шеберлік сабағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі