AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Ойбай" сөзінің шығу тарихы қандай?

"Ойбай" сөзінің шығу тарихы қандай?

Мұны білген жөн 18.07.2025, 11:46 1,187 Сұлу
"Ойбай" сөзінің шығу тарихы қандай?
Омар Жәлел. © Жетісу телеарнасының кадры

Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел "ойбай" сөзінің шығу тарихын айтты, - де хабарлайды Аqshamnews.kz.

Бұл туралы ол Ұлан Құрманғалиевке берген сұхбатында бөлісті. 

"Баянауыл емес, негізінен Баянаула. Башқұрт еңбектерінде, Бұхар жырауда да солай келтірген. Бұл енді бөлек әңгіме. Бай ананың ауылы деген ғой. Ал бай ана Ұмай ана аталған. Ол - қазақтар сыйынатын әйел болған. Бұрын әйелдер киіз үйдегі бауға асылып босанған. Шоқан Уәлихановтың айтуынша, әйелдер Ұмай ана мен Байанаға сыйынған. Ойбай деген сол кезден шыққан, "О, Бай ана" дегендей. Қазір бұл сізді ер де, әйел де айтады. Бұл - "қатын ойбай" деп аталады", - дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін бұл сөз туралы тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев та жазған. 

"Этнографиялық деректер түркі-моңғол халықтарының Байана, Ұмай ана, Май ана деп атап жүргендерінің бір ғана ана құдайы екенін анықтайды. Қазақтың ішінде сақталған "ой-бай" сөзінің мағынасы тек Байана ұғымы арқылы ғана түсінікті болады. "Ойбай" Байананы көмекке шақыру, жалбарыну, толық нұсқасы "Ой-бай-ана". Ал енді ісләм уағызшыларының (молдалардың) "ойбай" сөзіне байланысты "шайтанның атын атама, бісміллә де, тіліңді кәлимаға келтір" деуі, Байана атының ұмытылуына ісләм дінінің тікелей ықпалы бар екенін көрсетеді. Шындығында да, Сібір түркілерінің әлі күнге есінде жүрген "Байана" қазақтың ішінде тек "Баян сұлу", немесе одағай "ойбай" түріңде сақталуы ісләм дінінің тікелей ықпалының нәтижесі. Көне заманда "байана" ұғымының географиялық және этникалық шекарасы Еуразия құрлығын түгел қамтып жатты. Бұл ұғым тек түркі-моңғолда ғана емес үнді-еуропа, финно-угор, семито-хамит т.б. тіл семьяларында кеңінен тараған. Бірақ толық мәнін тек Орталық Азия халықтары сақтап қалды. Ендеше, Баян сұлу бейнесіне негіз болған Байана Жаратушы образы ретінде ондаған мыңдаған жылдар, ал Баян сұлу образы ретінде 1000 жылдан астам өмір сүрді", - дейді ол. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Омар Жәлел #ойбай #сөз #тарих #этнография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика