Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі құрылмақ

Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі құрылмақ depositphotos.com

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында еліміздің отын-энергетика кешенін (ОЭК) цифрландыру барысы туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта «Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі» (EnergyTech) атты салалық платформасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүруде екенін атап өтті.

«EnergyTech платформасы отын-энергетика кешенінің барлық саласын бір платформа базасына біріктіреді. Ол энергетика секторы, кен пайдалану және қайта өңдеуден бастап көмір өнеркәсібіне дейінгі ОЭК-тің 10 негізгі бағыты бойынша басқару процестерін кешенді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жүйені толық көлемде жасап шығарып, өнеркәсіптік деңгейде қолданысқа енгізу 2026–2027 жылдарға жоспарлануда», деп нақтылады Ерлан Ақкенженов.

Министр биыл 7 цифрлық сервис пайдалануға берілгенін, оның ішінде 2 сервис энергетика секторында жүзеге асырылғанын айтты. Олар:

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен оның өту барысын мониторингтеуге арналған цифрлық сервис;
Шекті тарифті бекітуге арналған цифрлық сервис.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:00

20:38

20:35

20:34

20:32

20:29

18:19

17:33

17:19

16:55

16:41

16:19

16:02

15:47

15:27

15:11

14:59

14:48

14:34

14:02

12:30

12:07

11:49

11:36

11:17