Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Туризм бар, дәретхана жоқ: Қоғамдық әжетханалар не...

Туризм бар, дәретхана жоқ: Қоғамдық әжетханалар неге сын көтермейді?

Әлеумет 18.07.2025, 14:20 807
Туризм бар, дәретхана жоқ: Қоғамдық әжетханалар неге сын көтермейді?
Сурет: astana-akshamy.kz

Дәретхана – мәдениет ошағы емес. Бірақ ол қоғамның мәдени деңгейін көрсететін басты нысандардың бірі. Кезінде Станиславский «Театр гардеробтан басталады» десе, елдегі мәдениетті қоғамдық орындардан, соның ішінде дәретханадан байқауға болады.

Қазақстан табиғаты көркем, туризмге қолайлы ел екенін жиі мақтан етеміз. Алайда жол бойындағы инфрақұрылым, соның ішінде дәретхана мәселесі – елдің бет-бейнесіне кері әсер ететін өзекті түйткілдердің бірі. Арасы мыңдаған шақырымдарды қамтитын ауыл мен қала арасындағы әжетханалар жайын көлікпен жол жүріп жүргендерге жақсы таныс. 

Сурет: Informburo.kz

Туризм бар, инфрақұрылым ақсап тұр

Пандемиядан кейін ішкі және сыртқы туризм қайта жанданды. Алайда жолға шыққан жолаушының ең бірінші көретіні – жол бойындағы дәретханалардың жай-күйі. Бұл – жай тұрмыстық қолайсыздық емес. Бұл – қоғамның денсаулығы мен елдің беделіне әсер ететін маңызды фактор.

Мәселен, Алматы облысындағы көрікті Көлсай мен Қайыңды көлдеріне, Шарын шатқалына сапар барысында дәретхана тапшылығы мен тазалығы мәселесі бірден көзге түседі. Бар дәретхананың өзі лас, иісі бірнеше метрден аңқиды. Туристердің «Terrible» (сұмдық) деп жағасын ұстаған сәттерінде ұялуға мәжбүр боласың. Бұл жерде ескере кететіні, жапан түздегі әжетханалар тегін емес, әрқайсысы кемінде 200 теңгені қағып алады. 

 Сурет: видеодан скрин, 31 арна

Сурет: travelpress.kz

Үкімет не істеп жатыр?

Жуырда Үкімет отырысында туризм мен цифрландыру мәселелері талқыланып, журналистер дәретхана тапшылығы туралы сұрақ көтерді.

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев былай деді:

«Kazakh Tourism жүргізген аудит бойынша туристік бағыттар бойында 493 дәретхана қажет екені анықталған. Оның 300-ден астамы салынып бітті. Алматы ұлттық паркінде француз технологиясымен жабдықталған заманауи дәретханалар жұмыс істеп тұр».

Көлік министрлігі де бұл іске тартылған. Олар республикалық маңызы бар жолдар бойындағы 1400-ден астам сервистік нысанды ұлттық стандартқа сәйкестендірген. Жыл сайын 100 ескі дәретхана бұзылып, орнына жаңасы салынады. Биыл тағы 25 санитарлық нысан ашу жоспарда бар.

Неге баяу шешіліп жатыр?

Парламент мінберінде де, әкімдердің баяндамасында да дәретхана жайы талай рет көтерілді. Бірақ нәтиже баяу. Көп жерде салынған нысандар күтімсіз қалып, жарамсыз күйге түскен. Қаржы бөлінгенімен, жауапкершілік пен бақылау жеткіліксіз.

Мәселе тек нысан салумен емес, оны ұқыпты күтіп ұстаумен шешіледі.

Кәсіпкерлерге қолдау бар, бірақ…

Мемлекет санитарлық нормаларға сай биотуалеттер орнатқан кәсіпкерлерге ай сайын 83 мың теңге өтемақы төлейді. Бірақ бұл қолдау ауқымды өзгеріс жасауға жеткіліксіз.

Сурет: flagma.kz

Тіпті Алматы мен Астана сияқты ірі қалаларда да қоғамдық дәретхана тапшы.

Көпшілік нысандарда тазалық үйін ақылы түрде пайдалануға құқық беретін ереже жоқ. Соның кесірінен кей азаматтар сыртқа дәрет сындыруға мәжбүр. Бұл – әкімшілік құқық бұзушылық. Бірақ жазалаудан бұрын қажетті жағдайдың жасалған-жасалмағанын ескеру қажет.

Әлемде бұл мәселе қандай шешім тапқан?

Барлық салада шетелге қарап үйренетініміз, бой түзейтініміз бар. Ендеше бұл салада да Қазақстанға халықаралық тәжірибені енгізу қажет шығар. Шетелдік тәжірибеге көз жүгірте отырып, келесідей 

1. Қолжетімділік:

Дәретханалар тек орталық көшелер мен саябақтарда ғана емес, тұрғын үйлер маңында, аялдама, базар, вокзал, ойын-сауық орталықтарында да болуы тиіс.

2. Суыққа төзімді нұсқалар:

Суық климатты елдердегідей (Финляндия, Канада) жылытылған, желдетілетін модульді дәретханалар орнату маңызды. Мұндай нысандар күн, жел энергиясымен жұмыс істей алады.

3. «Бір кесе кофе» моделі:

Франция мен Германияда ақылы дәретханалар бар. Тазалығы жоғары, қызметкер отырады. Кіру құны – бір шыны кофенің бағасындай. Мүмкін Қазақстанға  да осындай сервистік мәдениет қажет шығар.

4. Кәсіпкерлерді тарту:

Нидерландыда әкімдік жер береді, кәсіпкер салады, күтеді, табысын өзі алады. Бұл үлгі Қазақстанда енді ғана жүзеге аса бастады.

5. Қолданбалар:

Лондон мен Нью-Йорк қалаларында қоғамдық дәретханалардың картасы мобильді қосымшада көрсетіледі. Біздің елде де осындай қажеттілікті 2gis.kz картасына енгізіпті. Бірақ ол жерде көрсетілген әжетханалардың бәрі бірдей ашық тұрмайды, көбіне - жабық. Бәлкім, шетелдегідей ToiletMap сынды сервис біздің елде де қажет болар.

Дәретхана – тек физиологиялық қажеттілік емес. Бұл – қоғам мәдениеті мен гигиенасының көрінісі. Турист ел туралы алғашқы әсерді жолдағы сервис пен тазалықтан алады.

 Қазақстан туризмді дамыту жолында дәретхана мәселесін кейінге ысырып қоя алмайды. Қазір қолға алынған шаралар нақты нәтижеге айналса, ел ішінде ғана емес, шетелдік қонақтардың да елге деген көзқарасы оң өзгеруі мүмкін.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәретхана #санитария #мәселе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика