конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектеп оқушыларының көбі сколиозға шалдыққан

Мектеп оқушыларының көбі сколиозға шалдыққан

Білім және ғылым 24.08.2023, 13:52 1,271
Мектеп оқушыларының көбі сколиозға шалдыққан
Сурет: интернеттен

Мұның себебі – мектеп жиһазын орналастыруда кеткен кемшіліктер.


Атап айтқанда, оқушылардың бой және жас ерекшеліктерін ескермеу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оқу-ағарту министрлігінің Қаржы және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, кейінгі жылдары оқушылар арасында сколиозбен сырқаттанушылықтың өсуі байқалғанын айтты.



"Кейінгі жылдары мектеп оқушылары арасында сколиоз ауруы екі есе өсті. Сондықтан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жиһазға баса назар аударылды. Сонымен қатар, балалардың физикалық ауыртпашылығын азайту және оларды ыңғайлы ету үшін мектеп керек-жарақтары ауыстырылып, барлық мектепте киім сақтауға арналған жеке шкафтар болады. Мектептердің әр қабатында ауызсу бұрқақтары орнатылады", - деді Ғалымжан Молдаш.



Білім министрлігі өкілінің айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау мақсатында әрбір мектеп пандус, лифт, көтергіштер мен санитарлық тораптармен жабдықталады.



"Қазіргі уақытта мектептердің ешқайсында лифт жоқ. Сондықтан, балаларға жағдай жасау үшін енді салынатын барлық мектеп лифтпен және құрылғылармен жабдықталуы керек. Ұлттық жобаны іске асыру үшін 30-дан аса мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмылдырылды. Олардың әрқайсының рөлі мен жауапкершілігі анықталды. Оқу-ағарту министрлігі ұлттық жобаның сапалы іске асырылуын қадағалап, әдістемелік қолдау көрсетеді. "Самұрық-Қазына" және өңірлердің әкімдіктері мектептердің сапалы құрылысы мен оларды пайдалануға өз уақытында беруге жауапты", деп түйіндеді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #сколиоз #жиһаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жобалық кеңсенің отырысында қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту талқыланды

Бүгін 11:29

Қазақстан мен Сингапур су ресурстарын басқару және Орта дәлізді дамыту саласындағы келісімдерге қол қойды

Бүгін 11:02

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу басталды

Бүгін 10:57

Алматы қаласында «Үздік педагог – 2026» конкурсы басталды

Бүгін 10:52

Алматыда жыл басынан бері шығарындылар нормасынан асатын 1,3 мыңнан астам автокөлік анықталды

Бүгін 10:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);