AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Мәдениетсіздік қайдан туады? Қазіргі қоғамның келб...

Мәдениетсіздік қайдан туады? Қазіргі қоғамның келбеті жайлы ашық әңгіме

Мәдениет 04.07.2025, 14:05 965
Мәдениетсіздік қайдан туады? Қазіргі қоғамның келбеті жайлы ашық әңгіме
сурет: ЖИ

Қоғамның мәдениетсіздігі неден туады? Бұған кім немесе не кінәлі? Тәрбиедегі қателік пе, әлде жылдар бойы қалыптасып кеткен мінез бе? Тегін нәрсеге ұмтылу, ережелерді бұзу және мәдениеттің жоғы қоғамдағы бірқатар қиындық пен қайшылықтың барын көзге көкшитіп отыр. Мәдениеттанушы Жанар Таңсықтың пікірінше, бұл - тек бүгінгі күннің мәселесі емес, көптеген жыл бойы қалыптасқан әлеуметтік және тарихи процестердің нәтижесі. Аqshamnews.kz тілшісі өзекті мәселеге айналған тақырып аясында сарапшымен әңгіме өрбітті. 

Жанар Таңсық

мәдениеттанушы

Мәдениетсіздік қайдан шығады?

Жанар Таңсық мәдениетсіздіктің туындауын тарихи-әлеуметтік тұрғыдан алып көрсетті. Оның айтуынша, бұл нәрсеге Кеңес одағының ықпалы басым. 

"Кеңес одағы кезінде "совет адамы" деген ұғым қалыптасты. Бұл тұста "пролетариат" түсінігі яғни, барлық мүдде жеке емес, ұжымдық болды. Адамдарда "ортақ мүдде" мен "ортақ меншік" принциптері басым болды. Осы кезеңде қазақ қоғамында "қоғамдық меншік" деген түсінік қалыптасып, "егер бір нәрсені бүлдірсең, ол сенің де затың" деген көзқарас пайда болды" дейді ол. 

Ал еліміз егемендік алғаннан кейін бұл түсініктен түбегейлі қолын үзді.

"Ал тәуелсіздік алғаннан кейін, қоғамда жекеменшік түсінігі қалыптасып, жеке мүдде қоғамда басым болды. Яғни, "сенің өзіңе тиесілі нәрсең - тек сенің жеке затың" деген ұғым орнады. Ал мемлекетке қатысты көзқарас өзгерді: "Үкіметтікіне қол сұғуға болады, себебі оның ақысы сенде емес" деген түсінік қалыптасты. Бұл да бір жағынан мәдениетсіздікке әкелген факторлардың бірі" дейді Жанар Таңсық. 

"Интеллигенцияның жойылуы - мәдени сабақтастықтың үзілуіне әкелді"

Мәдениетсіздіктің пайда болуына әсер еткен тағы бір фактор - қазақ интеллигенциясының жойылуы. Жанар Таңсықтың пікірінше, қазақтың интеллектуалды элитасынан ұрпақ қалмауы немесе олардың жалпы елде болмауынан мәдениеттің құлдырауы байқалды. 

"Отарлық саясат кезінде бізге ашық жүргізілген науқандардың есебінен бізде интеллигенциялардың тобы қайтыс болды. Тіпті олардың көбі тұқымсыз кетті. М.Мағауиннің "Сары қазақ" деген кітабында да жазылады: "қазақтың билігінде отырған адамдардың басым көпшілігі біздің интеллигенцияларды, алаштықтарды ұстап бергендер" деп. Біз осындай мәдениеттен үзіліп қалдық. Бізге дейінгі қазақ мәдениетінің аса ірі жауһарларының бәрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сабақтастырып, жалғап келе жатқан еді. Алайда ашаршылық, саяси-қуғын сүргін салдарынан олардың бәрінен ұрпақ қалмады. Біз мәдени сабақтастық мұрадан айырылып қалдық" дейді мәдениеттанушы. 

"Мәдениетті сырттан таңу арқылы ғана үйрете аламыз"

Тәрбие тұрғысына келгенде біз нені қалт жіберіп жатырмыз? Мәдениетті тәрбие арқылы сіңіру мүмкін бе? 

"Білім саласы болсын жалпы интеллектуализмді адам меңгере алады. Оның бәрі өте оңай. Белгілі бір формулаларды, белгілі бір ережелерді жаттау арқылы сен оларды бойыңа сіңіре аласың. Ал мәдениет ше? Мәдениетті адамға сырттан таңу арқылы ғана үйрете аламыз. Адам өзінен-өзі бірден мәдениетті болып кетпейді. Кішкентай баланы біз қалай өмірге дайындаймыз, өмірдің ағыстарына қарсы жүзуді қалай үйретеміз, дәл солай. Біз оған әдепті де, мәдениетті кішкентай күнінен үйретеміз" дейді ол.

Жанар Таңсықтың айтуынша, қазір ашық жаһандану заманы болғандықтан мәдениеттердің арпалысы, мәдениеттердің соқтығысы көбейіп жатыр. Осы тұста ата-аналар өзге мәдениеттің ықпалына ілесіп, балаларын қазақ мәдениеті негізінде тәрбиелеуді ұмытып жатыр. Бұл - белгілі бір деңгейде баланың болмысына әсерін береді.

"Қазір көп ата-ана балаларын батыс мәдениетінің ықпалындағы мәдениетпен тәрбиелейді. Балаға ешқандай шектеу қоймайды, балаға бәрін ашық айтып үйретеді. Бірақ белгілі бір деңгейде оның салдары да бар. Қазақ мәдениетінде балаға туғаннан, кішкентайынан бастап, ар-ұят, обал-сауап, үлкенге құрмет деген нәрселерді үйретеді. Ол ескіліктің сарқыншағы емес, керіснше қоғамда өз-өзін ұстауға, өз орнын табуға көмектесетін негізгі функциялар. Адамдар арасында сыйлы болуына ықпал ететін дүние" дейді ол. 

Қазақстан мен Еуропаны неге салыстыруға келмейді? 

Қазақ қоғамында отаршылдық кезеңнің сарқыншақтары әлі де сақталып келеді. Мәдениеттанушының айтуынша, біз Еуропаның мәдениетіне қызығып, оны үлгі ретінде қабылдаймыз, бірақ олардың тәуелсіздік алып, қазіргі деңгейге жетуіне қанша уақыт кеткенін ескеруіміз керек. 

"Еуропаның осы деңгейге жетуіне қанша уақыт кетті, ал біздің елдің тәуелсіздіктен кейінгі күйіне қанша жыл? Яғни екеуін бір-бірімен салыстыруға келмейді. Көбіне осы жағынан қарастырған жөн деп есептеймін. Оның қасында өзімізді тәуелсіздікті бірдей алған ТМД елдерімен салыстырғанымыз әділірек болады. 

"Мазмұн сәйкес келмейтін мәдениет келгенде оны қоғам тұтына алмайды"

Жанар Таңсық мәдениетсіздіктің тағы бір шығу себебін халықтың өзін-өзі дұрыс танымауынан дейді. 

"Мәдени идентификация, ұлттық код деген нәрселерді жиі айтамыз. Бірақ ол сөздің астарын тереңірек бағамдап білмейміз. Біздің елге батыс та, кәріс те, жапон мәдениеті кіріп жатыр. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің орнын осылар алмастырып барады. Сол себепті әртүрлі алуандыққа ұшырап жатыр. Бұл бір жағынан несі жаман деп көрінуі мүмкін. Алайда, біздің қазақы болмыс, қазақы мінезге белгілі бір деңгейде олар сәйкес келмеуі мүмкін. Мазмұн сәйкес келмейтін мәдениет келгенде оны қоғам тұтына алмайды" дейді мәдениеттанушы. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #қоғам #әдеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Бүгін 11:09

Алматыда экстремизм мен терроризмге қарсы кездесу өтті

Бүгін 10:50

Caspian University-де экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды

Бүгін 10:39

Алматыда азаматтардың интернеттегі есірткі желісін анықтауға қалай көмектесіп жатқанын айтты

Бүгін 10:33

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматыда бақылау күшейтілді

Бүгін 10:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика