AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы BYD электробустарын шығаратын жаңа орталыққ...

Алматы BYD электробустарын шығаратын жаңа орталыққа айналуы мүмкін

Барлығы 04.07.2025, 10:13 895 Сұлу
Алматы BYD электробустарын шығаратын жаңа орталыққа айналуы мүмкін
Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінде қала әкімі Дархан Сатыбалды мен Орталық Азия өңірі бойынша BYD компаниясының басқарушы директоры Айван Цаомен кездесті.

Кездесудің негізгі тақырыбы Түрксіб ауданында орналасқан "Астана Моторс" коммерциялық техника зауыты базасында BYD электробустары өндірісін жолға қою мәселесі болды.

Жоба аясында ірі торапты құрастырудан бастап, дәнекерлеу, шанақ бояу және қосалқы бөлшектерді дайындау сынды өндірісте жергілікті үлес кезең-кезеңімен артады. Бұл экологиялық таза әрі энергия үнемдейтін көлік түріне басымдық бере отырып, қалалық көлік инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды қадам болмақ.

BYD Қазақстанда басты өнімі – B12 маркалы электр автобусы өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл үлгі көлік шассиіне орнатылған Blade аккумуляторлық батареясымен жабдықталған. Мұндай техникалық шешім автобусқа қосымша беріктік пен қауіпсіздік беріп қана қоймай, жүріс қашықтығын арттырып, энергия тұтынуын едәуір азайтады. Blade Battery әлемдегі ең қауіпсіз аккумуляторлардың бірі ретінде танылған, оған 10 жылға дейін кепілдік беріледі.

"Экологиялық таза көлік түрлерін дамыту – Алматының стратегиялық басымдығы. Электробус өндірісінің жергілікті деңгейде іске қосылуы ауаға шығатын зиянды заттарды азайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, қаланың өндірістік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді", — деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Ресми дерекке сәйкес, бүгінде BYD компаниясы 110 мыңнан астам электр автобусын өндіріп, әлемнің 400-ге жуық қаласына жеткізген. Олардың қатарында АҚШ, Еуропа, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдері бар. Қытайлық өндіруші үшін Орталық Азия өңірі, оның ішінде Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалы мен экологиялық бастамаларға деген сұранысы үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Алматыда BYD электробустарын өндіру еліміздің жасыл экономиканы дамыту мен тұрақты қалалық көлік жүйесін қалыптастыру жөніндегі стратегиялық мақсатын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #электр автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);