Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Кенжехан Матыжанов: Қарапайым тұрғындарға тиянақ б...

Кенжехан Матыжанов: Қарапайым тұрғындарға тиянақ болатын бағдарламалар

Білім және ғылым 26.06.2021, 12:08 2,449
Кенжехан Матыжанов: Қарапайым тұрғындарға тиянақ болатын бағдарламалар
Сурет: NewTimes.kz

Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев 25 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сан түрлі сұрақтарына жауап беріп, қаламыздың дамуы мен экономика, экология, бизнес, оқу-білім, медицина саласындағы өзекті мәселелер мен атқарылған істерге тоқталды, болашақ жоспарлармен бөлісті.


Мегаполис басшысының атқарылған істер жөніндегі сөзін тыңдаған қала тұрғындары бүгін өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алматы қаласы – алып мегаполис және бүкіл ел экономикасының локомотиві саналады. Қаланың алдына қойған мақсаты қаланың орталығы үшін ғана емес, бүкіл шаһар үшін де өзекті екенін мойындаймыз. Қала орталығы мен қала маңындағы өңірлер де тығыз байланысты. Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы агломерациясының 4 пилоттық жобасын іске асыру басталғанын жеткізді. Қателеспесем, оларға экологиялық жағдайды жақсарту, көлік жүйесін дамыту және көлік моделін әзірлеу, төтенше жағдай тәуекелдерін азайту, шағын және орта бизнесті дамыту кіреді. Бұларды қай жағынан алып қарасаңыз да, әрқайсысының өз маңыздылығы бар әрі оның бәрі қаланы дамыту үшін керек», -деді М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры.



«Дәл қазір коронавирус кезеңінің барлық қиындығына қарамастан, қалада тұрақты әлеуметтік­-экономикалық жағдайдың қамтамасыз етілуі маңызды. Бұл туралы қала әкімі нақты айтып өтті.  Әлеуметтік саясат, ең алдымен, халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған. Сондай­-ақ, ол қала билігі қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға бел буғанын алға тартты. Әрине, бұл ретте қала тұрғындарының пікірі ескеріледі. Өйткені, Алматы кәрі мен жастың есінде әртүрлі сақталған. Үлкен кісілер үшін шаһардың өткені құнды.


Білім саласына енгізілетін өзгерістер де қуантты. Қаламызда халықаралық дәрежедегі оқу орындарын ашамыз дегені де жақсы жаңалық. Себебі, жастарымыз сапалы білім іздеп шетел аспайтын болды. Айналып келгенде, мұның барлығы қала тұрғындарының әл-ауқатының артып, ұлттық мәдениетінің марқаюына  түп- тиянақ болады деп сенеміз», -дейді Кенжехан Матыжанов.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дежурный по городу #Алматы #КСК #МЖД #ОСИ #Алматы #әкім #Сағынтаев #Әуезов #институт #Матыжанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» КИНОТЕАТРДА!

Бүгін 15:23

Рұқсат берілмеген жерде кәуап пісіргендерге айыппұл салынады

Бүгін 15:18

Қазақстандық реставраторлар халықаралық семинарға қатысты

Бүгін 15:01

Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға арналған шағын гранттар байқауы басталады

Бүгін 14:55

Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика