Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Кардиология саласында жаңа серпіліс

Кардиология саласында жаңа серпіліс

Медицина 23.06.2025, 19:25 878
Кардиология саласында жаңа серпіліс
Сурет: №7  қалалық клиникалық ауруханасы

Алматы қаласының №7  қалалық клиникалық ауруханасында жаңа буынды электродсыз кардиостимулятор орната бастады.

Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасында ҚР ДСМ штаттан тыс бас аритмолог маманы Аян Әбдірахмановтың қатысуымен «Ресинхронизациялық терапия және электродсыз кардиостимулятор имплантациясын қолданумен созылмалы жүрек кемістігін емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. 

Шеберлік сағатына шамамен 51-57 жастағы пациенттер қатысты. Бұл пациенттердің басым көпшілігі жүрек қызметінің жетіспеушілігінен және өмірге қауіп төндіретін жүрек ырғағының бұзылуынан зардап шекті. Барлық пациенттерге заманауи құрылғылар сәтті орнатылды. Барлық операциялар еліміздегі сәтті жұмыс істейтін МӘМС жүйесі шеңберінде тегін жасалды.

Имплантацияланған бірегей электродсыз кардиостимулятор адам өміріне қауіп-қатерді азайтып, өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

«Дәстүрлі кардиостимуляторларға қарағанда, бұл құрылғы электродтарды жүрекке тамырлар арқылы қосуды талап етпейді және терінің астына орналастырылмайды. Бұл қондырғы  сан тамырлары арқылы  жүректің оң жақ қарыншасының қуысына тікелей орнатылады және пациент оны сезбейді.  Бұрын пациентке терінің астына орнатылған «қондырғы» сезілетін, қазіргі имплантат тіпті байқалмайды, - деп түсіндірді  интервенциялық хирургия және аритмология бөлімшесінің меңгеруші С.М.Анартаев.

Жаңа құрылғының негізгі артықшылығы қашықтық мониторинг жүргізу   мүмкіндігі. Құрылғыны орнату мобильді қосымшамен үндестіріледі, оның көмегімен емдеуші дәрігер нақты уақыт режимінде пациенттің жағдайын қадағалайды, дабыл белгілерін көреді және кенеттен асқыну болған жағдайда шұғыл әрекет етеді. Бұл тек жай ғана ыңғайлы технология  емес – ол адам өмірін құтқарушы құрал. Бұрын пациенттер өздеріннің жағдайдың нашарлауын байқамаса, бүгін дәрігер пациенттегі өзгерістерді бірден байқайды. Бұл теория жүзінде ғана емес, бұл практикаға енгізіліп отырған жүйе. Біздің мақсат- жай ғана операция жасаумен шектелу емес, пациентті  диагностикадан бастап, толық бақылау циклімен қамтамасыз ету-деді аритмолог-дәрігер Қанат Ерешев.

Шеберлік сағатына  Дубай кардиологиялық қондырғыны шығаратын халықаралық компанияның өкілдері қатысты. Компания өкілдері бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу бойынша техникалық тренинг өткізді.

Созылмалы жүрек-қан тамыры аурулары біздің еліміздегі, әлемнің  барлық елдерінде әлі де өлім себептерінің негізгі факторының  бірі болып отыр. Бірақ озық медициналық технологияларды енгізу өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кардиостимулятор #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика