Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қазақ жігітінің подиумдағы өмірі: Жеңісбек Лашинме...

Қазақ жігітінің подиумдағы өмірі: Жеңісбек Лашинмен сұхбат

Мәдени Алматы 22.06.2025, 18:06 797
Қазақ жігітінің подиумдағы өмірі: Жеңісбек Лашинмен сұхбат
Сурет: Жеңіс Лашиннің жеке парақшасынан

Қазіргі таңда халықаралық сән сахнасында еліміздің атын шығарып жүрген жастар аз емес. Солардың бірі – Жеңісбек Лашин. Қызылордада туып-өскен ол сән индустриясына аяқ астынан келгенімен, бүгінде әлемге танымал брендтермен жұмыс істеп, әйгілі сән журналдарының беттерінен ZhengisbekLashin деген есіммен көрініп жүр. Модельдік жолдың оңай болмағанын айта отырып, Жеңісбек бізбен өзінің кәсіби жолы, шабыт көзі және сәнге деген көзқарасы туралы бөлісті.

– Жеңісбек мырза, өзіңіз жайлы таныстырып өтсеңіз.

Менің есімім – Жеңісбек Лашин. 1999 жылы 8 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда халықаралық деңгейде жұмыс істейтін кәсіби модельмін. Бұл салаға ерте келген жоқпын, бірақ бір күні жақындарым “модельдік агенттікке барып көрсеңші” дегеннен кейін, қызығушылықпен бардым. Сол бір шешім бүкіл өмірімді өзгертті.

– Сән саласына қалай келдіңіз?

Бұл салаға жолым кездейсоқ ашылды. Модель боламын деп шешкен күнім – бұрынғы бағыттарымнан мүлде өзгеше таңдау болды. Қазір сол шешіміме еш өкінбеймін, керісінше әлемнің бірнеше елінде подиумда жүрмін.

 

– Жалпы мамандығыңыз кім?

 Мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Туризм» мамандығы бойынша білім алдым. Қазір өзімді тек модель ретінде емес, креативті тұлға ретінде де қалыптастырып келемін. Визуалды коммуникация, сән түсірілімдерін қою, концепциялармен жұмыс жасау – бәрі мені қызықтырады.

– Шетелде қандай сән көрсетілімдеріне қатыстыңыз?

Соңғы келісімшарттарымның бірі – Оңтүстік Африкадағы Кейптаун қаласында болды. Онда John Frieda брендімен жұмыс істедім. Бұған дейін Louis Vuitton, Michael Cinco, Arturo Obegero, Maison Du Mec, Lazoschmidl, Jordan Luca сынды брендтердің көрсетілімдеріне қатыстым.

– Сән деген сіз үшін не?

Сән – бұл мен үшін еркіндік. Бұл – өз-өзіңді танытудың тәсілі. Киім – жай ғана мата емес, ол идеяны, көңіл-күйді, болмысты жеткізетін құрал. Әр подиумға шыққанда мен стильмен қатар мағына мен эмоцияны жеткізгім келеді.

 

– Өмір салтыңызға сын айтатындар бола ма?

Иә, кейде өмір сүру салтыма, стиліме қатысты сын еститін кездер болады. Бірақ мен үшін ең бастысы – өз бағытымнан таймау. Уақыт өте келе сол сын айтқандардың өзі қолдау білдіріп жатады.

 

– Күнделікті өмірде де сәнге мән бересіз бе?

Әрине. Подиумдағыдай тым ашық болмаса да, күнделікті киім үлгісімде өзімнің ерекшелігімді, эстетикамды сақтауға тырысамын. Стиль – бұл мен үшін визуалды тіл.

 

– Қандай сән журналдарында көріндіңіз?

Mob Journal, Marie Claire Turkey, GQ Middle East, Vogue Arabia сияқты халықаралық басылымдарда менің фотосессияларым жарияланды. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе.

 

– Қазақстанда қандай жобаларға қатыстыз?

KFC, Samsung, Kazakhstan Fashion Week, Visa Fashion Week сияқты брендтермен жұмыс істедім. Сондай-ақ, бірнеше актерлік жобаларға да қатысқаным бар.

 

– Қазақстан сән индустриясының мүмкіндіктері қандай?

Қазақстанда әлеует бар, алайда халықаралық стандартпен салыстырғанда, жүйелі даму әлі жол басында. Талантты жастар көп, тек оларды қолдайтын орта, кәсіби алаңдар көбейсе, үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.

 

Жеңісбек Лашин – сән әлеміндегі табысқа еңбекпен жеткен жас қазақстандық. Оның жолы – бірегейлік пен батыл шешімнің жемісі. Ол сәнді киім емес, ой мен болмыс ретінде көреді. Модель ретінде ғана емес, креативті тұлға ретінде де дамып келе жатқан Жеңісбектің оқиғасы – жастарға шабыт, ал сән индустриясы үшін – жаңа дәуірдің белгісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жеңісбек Лашин #сән #модель #Zhengisbek
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика