Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Жөні бөлек Жолдау

Жөні бөлек Жолдау

Жолдау 2023 18.03.2022, 05:35 1,974
Жөні бөлек Жолдау
turkystan.kz
Президент Жолдауы – тарихи жолдау. Жаңа Қазақстанның тарихы Түркістан облысынан кейін жаңадан Абай және Ұлытау облыстарымен толығатын болды. Бұған Алматы облысынан Жетісу атты жаңа аумақтық әкімшілік құрылым ірге ажыратқанын қосыңыз.


Мемлекет бұл шешімді қабылдар алдында азаматтардың нақыз ұсыныс-тілектерін мұқият зерделегенін айтты. Көптен бері халықтың ойында жүрген, әр жерде айтылып, орындалуы созылып келе жатқан Семей мен Жезқазған өңірін түлету бастамасы ел-жұрттың көкейінен шықты десек те болады.


«Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы да мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз», - деді Президент.


Біз бұдан нені аңғарамыз? Абай облысын құру – Алаш рухын асқақтату! Тәуелсіздік жолында азаттық бесігі болған өңірді қайта түлетудің рухани маңызы өте жоғары. Бұл - Абай жолымен жүру деген сөз. Алаш азаматтары орда тіккен орынды жандандыру!

Мемлекет басшысы «Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім. Кең-байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше. Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен. Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда, біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз», - деп тағы бір тың бастама көтерді.



Бұл ненің белгісі? Біз «Ұлық ұлыс» деп атап жүрген Жошы ханның иелігіндегі қазіргі қазақ жерінің тарихы тым терең. Мемлекеттілік бастауы болған өңір. «Бұрын мемлекет болмаған» деп жүргендерге дипломатия тілімен берілген салмақты жауап.



Қазақтың ішкі аймақтары талай жылдан бері назардан қағыс қалып келді. Соның салдарынан әлеуметтік проблемалары да қордаланып қалды. Ендігі таңда Қазақстандағы урбанизация, ішкі көші-қон саясатында айтарлықтай өзгерістер болады. Үлкен қалаларға қарай ағылған жұрттың легі толас табады. Әр өңір қуатты аймаққа айнала бастайды. «Күшті Қазақстан» жобасы осындай іргелі өзгерістер арқылы жүзеге асады деп сенеміз!
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жолдау #жүсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

Кеше 22:03

Алматыда қазақ анимациясының көрнекті өкілі, режиссер, суретші әрі ұстаз Ерсайын Әбдірахмановтың 80 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті

Кеше 20:46

Бакуда Көктемгі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті 

Кеше 19:42

Алматыда 15–16 сәуір мерзімі өткен дәрілерді жинау бойынша экоакция өтеді

Кеше 18:49

Тоқаев Петер Мадьярды жеңіске жетуімен құттықтады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика