Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу мектептері толығымен бейнебақылау камералар...

Жетісу мектептері толығымен бейнебақылау камераларымен қамтылған

Әлеумет 29.06.2021, 10:43 1,779
Жетісу мектептері толығымен бейнебақылау камераларымен қамтылған
Сурет: Greenvision.ua

Білім нысандарындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда.


Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептер, яғни 760 мектеп, 186 балабақша және 43 колледж толығымен бейнебақылау камераларымен қамтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазір осы камераларды жедел басқару орталығына байланыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы облыс әкімі Амандық  Баталовтың баяндамасында айтылды. 


Жалпы, Алматы облысында 760 жалпы білім беретін мемлекеттік мектепте 428 мың оқушы білім алуда. Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мектептер мен балабақшаларда және колледждерде жалпы саны 989 камера орнатылғанын айтты. Алайда, бұл камералар жедел басқару орталығына шығарылмаған. Осыған байланысты өңірде мектептердегі қауіпсіздік жүйесін стандартқа сәйкес жаңғырту жұмыстары басталды.



«Биылғы жылы облыстық маңызы бар Талдықорған, Текелі және Қапшағай қалаларының 47 мектебінің бейнебақылау жүйесі жаңартылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ осы мектептерде 187 млн. теңгеге бақылау жүйесі бар турникеттер орнатылады және мектептерді мамандандырылған күзет компаниялары күзететін болады», - деді Амандық Баталов.



Баяндамашының сөзіне сүйенсек, биыл облыс мектептерін 100 пайыз «дабыл түймелерімен» қамтамасыз ету үшін бюджеттен 106,4 млн. теңге қаралған. Ал 2022 жылдың соңына дейін 713 мектепте қауіпсіздік жүйелері жаңартылатын болады.


Өңірде 743 жалпы білім беретін мектеп жылы дәретханалармен қамтамасыз етілген, қалған 17 дәретхана биылғы жылдың соңына дейін жөнделеді.


Амандық Баталов оқушылардың арасында буллингтен қорғану жөнінде алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Сол сияқты кәмелетке толмағандарға шұғыл эксперименттік-психологиялық кеңес беру үшін 21 жұмыс тобы құрылған. Осы жерде айта кетсек, «Ресурс» балалардың психикалық жағдайын диагностикалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы 7-11 сыныптардың 99 мыңға жуық оқушысы компьютерлік тестілеуден өткен, сондай-ақ 1084 педагог-психолог қайта даярлау курстарында оқытылды.


Сонымен бірге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыста соңғы екі жылда 940 млн. теңгеден астам сомаға оқушылар тасымалдайтын 71 жаңа заманауи үлгіде жабдықталған автобустар сатып алынып берілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірнеше елге бармауды ұсынды

Бүгін 10:09

Тұман, қар және көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:28

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Кеше 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Кеше 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Кеше 18:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі