Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жетінші аурухана дәрігерлері инсульт алған пациент...

Жетінші аурухана дәрігерлері инсульт алған пациенттерді қалыпты өмірге оралтып жатыр

Медицина 22.05.2024, 15:23 929
Жетінші аурухана дәрігерлері инсульт алған пациенттерді қалыпты өмірге оралтып жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрореабилитация бөлімінде инсульт пен жарақат алған 2 мыңнан астам адам денсаулығын қалпына келтірді, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі. 

Бөлімше оңтүстік астананың ғана емес, еліміздің түпкір-түпкірінен келген науқастарды қабылдайды. Соның бірі – 58 жастағы Баян Қонақбаева Алматы облысының Қарасай ауданынан келген. Инсульттен кейін оң жағы толық жансызданып қалған ол өздігінен тамақ ішіп, жүріп-тұра алмайтын. Қазір осында МӘМС шеңберінде медициналық оңалтудың үшінші курсынан өтіп жатыр.

«Бірінші курстан кейін сал болып қалған қолымды қозғалтып жаттыға бастадым. Мұнда сал келген едім, оңалтудың екінші курсынан соң таяққа сүйенбей өзім жүріп кеттім. Есте сақтау қабілеті нашар болатын. Берілген жаттығуларды кинезиотерапия кабинетінен шыққан бойда ұмытып қалатындықтан бастан-аяқ телефонға түсіріп алып жүрдім. Енді міне, үшінші кезең бітуге жақын қалды, қазір үшбұрыш, шеңбер, шаршы, жұлдыз сынды пішіндерді салуды үйрендім. Жазуды қайта үйренуге деген құлшыныс пайда болды, дәрігерлерге деген алғысымды өз қолыммен жазып отырмын», - дейді пациент.

Емдеуші дәрігер, нейрореабилитация бөлімшесі меңгерушісі Айнұр Досыбаеваның айтуынша, үшінші курстан кейін науқастың аяғы мен қолдағы бұлшық еттерінің күші 4 балға дейін артқан (норма бойынша 5,0 балл). 
Жалпы, реабилитация – МӘМС қаражаты есебінен жүргізілетін қымбат медициналық қызметтердің бірі. Пациенттер бөлімшеде күн сайын жеке кинезиотерапия, ПНФ, Бобот әдістерімен емдік дене шынықтыру, массаж, магнитті терапия, бұлшық етті электр тогымен стимуляциялау, лого-психикалық реттеу сынды ем түрлерін қабылдайды.

«Инсульт алған пациенттер бізге толық тексеріліп, ем курсын бітіргеннен кейін келеді. Біздің ауруханада олармен түрлі салалық дәрігерлер, әдістемеші-инструктор, емдік дене шынықтыру мамандары, логопедтер мен психологтардан құралған мультидисциплинарлық команда жұмыс істейді. Біздің бүгінгі кейіпкерімізбен Арай Есетай дейтін инструкторымыз айналысты», - дейді Айнұр Досыбаева.

Инсульт алғаннан кейін бір сағат ішінде ауруханаға жеткізілген пациентті емдеп жазу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан тілдің күрмелуі, аяқ-қолдың ұюы, беттің жансыздануы сынды белгілер байқалған кезде бірден жедел жәрдем шақыру қажет, деп атап өтті маман.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 2-кезеңдегі оңалтудан инсульт алғаннан кейін жарты жыл ішінде өтуге болады. Жолдаманы жергілікті емхана дәрігерлері береді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #дәрігерлер #оңалту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика