AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ЮНИСЕФ өкілі балаларды ұруға заңмен тыйым салуды ұ...

ЮНИСЕФ өкілі балаларды ұруға заңмен тыйым салуды ұсынды

Заң мен тəртіп 18.05.2023, 09:51 1,914
ЮНИСЕФ өкілі балаларды ұруға заңмен тыйым салуды ұсынды
Сурет: Anamenbala.kz

Оның пікірінше, қоғамда қалыптасқан кейбір әлеуметтік нормаларды өзгерткен жөн.


65 мемлекет балаға дене жарақатын салуға заңмен тыйым салған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен Қазақстанда балаларға қол көтеруге заңмен тыйым салу керегін айтты.



«Бұл балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты. Оның салдары ауыр. Сондықтан осыны отбасыларға түсіндіру керек. Мысалы, «Мен осылай тәрбиелендім, осылай өстім. Мен де баламды осылай тәрбиелеймін» деп ойлаудың қажеті жоқ. Баланы дауыс және қол көтермей-ақ тәрбиелеуге және өсіруге болады. Мұны ата-аналарға жеткізу үшін тиісті коммуникациялық кампания керек, - деді Артур Ван Дизен ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде.



ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанда балаларды ұруға заңмен тыйым салуды ұсынды.



«Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекет дене жарақатын салуға заңмен тыйым салды. Тағы 27 ел бұл заңға қосылуды жоспарлап отыр. Оның арасында Қазақстанның көршілері де бар. Сондықтан отбасында да, отбасынан тыс жерлерде де дене жарақатына тайым салу маңызды болып отыр... Біз балаларға зорлық-зомбылық жасалуына, оларды ұрып-соғуға жол бермеуіміз керек. Бұл – қоғам алдындағы міндетіміз», - деді ол.



Дөңгелек үстелге қатысқан ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров Қазақстанда балалардың құқығы заңмен қорғалатынын, оларды ұрғандар заң аясында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#юнисеф #БҰҰ #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);