AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғылыми конференция өтті

Ғылыми конференция өтті

Әлеумет 24.02.2023, 08:34 1,153
Ғылыми конференция өтті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан жазушылар одағы, РМҚ «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп, белгілі этнолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар Одағының мүшесі Тоқтабай Ахмет Уәлханұлының 70 жылдығына арналған «Қазақстандағы этномәдени және көшпенділерді зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Конференция Қазақстан этномәдениетінің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талқылау, қазақ жылқы мәдениеті, ұлттық спорт, Орталық Азия қазақтарының киелі жерлері туралы мәселелері талқылау мақсатында ұйымдастырылды.


Сонымен қатар жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Тоқтабайдың көшпенділерді зерттеуге қосқан үлесі талқыланды.


Айта кеткен жөн, А.Тоқтабай 1953 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Сайхан қыстауында дүниеге келген. Оның ғылыми еңбегі қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін зерттеу төңірегінде қалыптасты. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Петропавл қаласындағы Абылай хан сарайы туралы мәліметтер жинап, республикалық маңызы бар ескерткіштер қатарына қосты. 1982 жылы Ташкент қаласындағы Шайхантауыр кешеніндегі Қарлығаш би кесенесінің Төле биге қатысты екенін алғашқылардың бірі болып дәлелдеді.



1990 жылы Самарқанд қаласы Дагбит қыстауындағы Әйтеке бидің бабасы Жалаңтөс батыр Сейтқұлұлының қабірін зерттеп, ол туралы шығыс және ауызша деректерін жинады. 1999 жылы Өзбекстанның Бұхара облысы Нұрата ауданындағы Әйтеке бидің бейітін зерттеуге кірісті. Бірнеше жылғы Төле би мен Әйтеке бидің қабірлерін зерттеу нәтижесінде Әйтеке, Төле  және Қазыбек билердің нақты өмір сүрген жылдарын анықтады.


Соңғы жылдары А.Тоқтабай Төле би, Әйтеке би туралы мәселелерді анағұрлым кеңейтіп, «Өзбекстандағы қазақтардың киелі жерлері (Жалаңтөс батыр, Төле, Айтеке билердің қабірлері т.б.), пайда болуы, зерттелу тарихы, қазіргі кездегі жағдайы», «Орта Азия қазақтарының киелі жерлері (Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қарақалпақстан): анықтау, жіктеу және зерттеу» сынды жобалар бойынша көршілес елдерде қалған қазақтың іздерін анықтап, тарихи ескерткіштерін жан-жақты зертеу жұмыстарын сәтті жүзеге асырды. Нәтижесінде қазақ тарихы мен мәдениетіне байланысты 130-дан астам нысандар тұңғыш рет ашылып, ғылыми айналымға енгізілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция #Алматы #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 19:27

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті

Бүгін 19:23

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бүгін 18:17

Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалдық кезеңіне шықты

Бүгін 18:09

Азиадада алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);