AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғалымдар қатерлі ісікті анықтаудың жаңа әдісін ойл...

Ғалымдар қатерлі ісікті анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Білім және ғылым 03.06.2023, 06:37 2,098
Ғалымдар қатерлі ісікті анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты
venturebeat.com

Британ және америкалық бір топ ғалым қан талдауы арқылы қатерлі ісік диагностикасы әдісінің сынағы жақсы нәтиже көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inbusiness.kz  сілтеме жасап.



 Ғалымдар қарапайым қан талдауы арқылы онкологиялық аурулардың 50-ден астам түрлі белгілері пайда болғанға дейін оларды ерте сатыда анықтауды ойластырып отыр. Ауқымды сынақ 2021 жылы Ұлыбритания мен АҚШ-та басталды.


"Галерея" деп аталатын тест механизмі генетикалық код, яғни ДНҚ-да ісіктен қанға түсетін химиялық өзгерістердің белгілерін іздейді.


Ғалымдар әдістеме бойынша жұмыс әзірге аяқталмағанын, бірақ сынақтың бірінші кезеңінен кейін ауыр дерттен құтылған науқастар саны артады деп айтуға болатынын атап өтті.


Сынақ әсіресе бас және мойын, ішек, өкпе, ұйқы безі және тамақтағы қатерлі ісікті анықтауда тиімді.


Ұлыбританияның NHS денсаулық сақтау жүйесі әдісті 2024-2025 жылдары тағы бір миллион адамға сынап көруді жоспарлап отыр.



"Қатерлі ісікті ерте анықтау өте маңызды. Бұл сынақ бізге қатерлі ісік ауруларын ертерек анықтауға және мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі", - дейді NHS онкология департаментінің басшысы, профессор Питер Джонсон.



Әдісті әзірлеп, зерттеген - Дана-Фарбер онкология институты мен Гарвард медицина мектебінің америкалық ғалымдар тобы және Фрэнсис Крик институты, Лондон университеттік колледжінің ғалымдары.


Зерттеу нәтижесі Оксфорд университетінің Аnnals of Oncology академиялық журналында жарияланған.


Жобаны Кремний алқабындағы стартап Grail қаржыландырып жатыр, оның инвесторлары арасында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#британ #Ғылым #жаңалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Кеше 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);