AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғалымдар өздігінен қуатталатын электровелосипед жа...

Ғалымдар өздігінен қуатталатын электровелосипед жасап шығарды

Әлеумет 22.09.2023, 03:40 1,257
Ғалымдар өздігінен қуатталатын электровелосипед жасап шығарды
Сурет: ашық дереккөз

Pi-Pop велосипеді энергияны сақтау үшін суперконденсаторларды пайдаланады. Литий батареяларынан айырмашылығы - олар іс жүзінде қоршаған ортаға зиянсыз өндірілуі мүмкін. Үшінші буын электр велосипедінің бағасы 2500 еуроға жақындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еuronews сайтына сілтеме жасап.



Еуропалықтар жұмысқа көбіне электржетегі бар пауэрбайк мініп барады. Пауэрбайкты зарядтау қажет, ал аккумулятор өндірісі литий тәрізді табиғи ресурстарды көптеп қажет етеді. Бұл ретте жердің сирек элементтерін шығаруда экология үшін қауіп көп.


Француз кәсіпкері Адриен Лёльевр революциялық шешім ойлап тапты.


STEE компаниясының директоры әрі өнертапқыш литий батареяларын емес, суперконденсаторларды пайдаланатын Pi-Pop электрлік велосипедін патенттеді.


Суперконденсаторлар - тұрақты қуат емес, импульстік қуат көзі. Олар қысқа уақыт ішінде жоғары қуат қажет болған жағдайда пайдалы.


Суперконденсатор энергияны электростатикалық түрде сақтау арқылы, яғни зарядты баяу қозғалту арқылы жұмыс істейді. Литий батареясында, керісінше, энергия химиялық реакция арқылы сақталады.
Басқаша айтқанда, суперконденсатор қажет кезде энергияны өте тез жинап, қажет болған жағдайда босатады. Адам велосипед басқышын айналдырғанда энергия жиналып, сақталады, ал тежеу немесе көтерілуден кейін қайта іске қосу сияқты күрделі әрекеттерде пайдаланылуы мүмкін дегенді білдіреді.
Орлеандық өнертапқыш Лёльевр 20-келілік Pi-Pop-ты «энергиялық саулықтың символы» деп атады.
Қазіргі кезде Pi-Pop айына 100 велосипед шығаруда. 2024 жылға қарай компания өндірісті айына мың велосипедке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
«2025 жылы біз еуропалық нарыққа шығу ниетіміз бар. Қазір қаржыландыруды тарту мүмкіндігін талқылап жатырмыз», - деді Лёльевр.
Еуропада суперконденсатор орнатылған электрлік велосипедтер сегменті үшін жақсы перспективалар ашылды, себебі еуродепутаттар 2024 жылды «велосипед жылы» деп жариялауды ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#велосипед #жаңалық #ғалым #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);