ffin.kz

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды Сурет: Regnum.ru

Арал экологиясы мұздықтардың еруі мен мұхит деңгейінің жоғарылауы себептерінің біріне айналып отыр. 


Бирмингем қаласында (Ұлыбритания) Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жазғы сессиясы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Egemen.kz сілтеме жасап.


ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетінің отырысы барысында Қазақстан делегациясын бастаған Асқар Шәкіров пен Өзбекстан делегациясын бастап келген Садық Сафоев ұйымды және оған мүше мемлекеттерді Арал теңізін құтқару жөніндегі жобаларды іске асыруға донор болуға шақырып, екі ел парламенттерінің бірлескен үндеуін жария етті.


Сессияға қатысушыларға таратылған құжатта соңғы 60 жылда ең ауқымды жабық су айдынының бұрын-соңды болмаған көлемде азаюына және сортаңдануына назар аударылды. Шаңды дауылдар жыл сайын 100 миллион тоннадан астам майда тұзды шаңды, улы тұз бен құмды мыңдаған шақырымға әкетеді, Еуропа елдеріне, Жапон аралдары мен Антарктидаға жеткізіп, мұздықтардың еруі мен мұхит деңгейінің жоғарылауы себептерінің біріне айналып отыр.


Онкологиялық аурулар ең жоғары пайызды көрсетіп отырған Орталық Азиядағы Арал өңірі халқының денсаулық жағдайының күрт нашарлауына тұрғылықты жердің экологиялық азып-тозуы себеп болғаны атап өтілді.


Экологиялық апаттың ауқымы Арал теңізі бассейніндегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалды сауықтыру жөніндегі проблемаларды кешенді шешу үшін өңірдегі елдердің ғана емес, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру талап ететіні атап өтілді. Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев осындай ортақ пікірге шақыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05