Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Disney туындылары қазақ тілінде көрсетіледі

Disney туындылары қазақ тілінде көрсетіледі

Мәдениет 12.06.2024, 17:45 1,059
Disney туындылары қазақ тілінде көрсетіледі
Сурет: Elorda.info

Кеше Алматыда «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің көрсетілімі өтті.

Көрсетілімге елімізге танымал тұлғалар, дубляж актерлары мен блогерлер, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info cайтына сілтеме жасап.

Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ және орыс тілдеріне аударды.

«Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің басты кейіпкері Райлиді блогер Ақерке Естайқызы, Қуанышты әнші әрі актриса Гульнар Тлебалды, Мұңды –кино, театр және дубляж актрисасы Алма Қылмұқан, Қорқынышты — кино мен театр актері, режиссер Рүстем Жаныаманов дыбыстаған. Ninety One бой-бэндының солистері – Азамат Ашмақын мен Батырхан Маликов, дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев та жобаға үлес қосты.

Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. Қазақ тілінің осындай ірі тілдер қатарына қосылуы, сүйікті фильмдердегі өзімізге жақсы таныс кейіпкерлердің бізбен бірге бір тілде сөйлеуі – өте маңызды қадам.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Disney студиясының бұл бастамасына қолдау білдірді және оны басқа да контент жасаушыларға  үлгі болатын өте жақсы бастама деп таниды.

Фильмдерді әртүрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясындағы контент әзірлеу жұмысының ажырамас бөлігі әрі бұрыннан қалыптасқан үрдісі. Сол себепті Disney Character Voices International ұжымы әр фильмнің түрлі тілдерге аударылған 30-ға жуық нұсқасын әзірлейді. Осы нұсқалардың әрқайсысындағы кейіпкерлердің бірегей бейнесін сақтай отырып, оны көрермендерге «жақын» әрі түсінікті етіп аударатын, дубляждайтын дарынды шығармашылық кеңесшілер мен техникалық мамандар тобы жұмылдырылады, – дейді  Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД елдері, Грузия және Моңғолиядағы Disney компаниясының бас директоры Кахабер Абашидзе.

Қазақстандық көрермен мемлекеттік тілде көрсетілетін Disney премьераларын қашанда ерекше ықыласпен қарсы алады. Бұл дәстүр 2024 жылы да жалғасын таппақ. Үлкен экрандардан қазақ тілінде көрсетілген «Моана», «Көліктер 3», «Коконың құпиясы» және «Арыстан патша» (2019) фильмдерінің қатары жаңа туындылармен толықпақ. Қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер де, тілді енді үйреніп жүргендер де сапалы дубляждалған фильмдерді тамашалаудан ләззат алары cөзсіз, – деп пікір білдірді Қазақстан аумағындағы Disney фильмдерінің ресми дистрибьюторы, «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізгі жұмыс бағыты Disney компаниясының ұстанымен үндес келеді. «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік тілдегі контент қорын, атап айтқанда, бала тілін қазақша шығаруға қажет құралдардан бастап, әр адамның қазақ тілі аясында тұлға әрі маман болып қалыптасуына керек мазмұн қорын арттыруға басымдық береді. Әлемдік анимация жауһарлары, қазақ тіліндегі кинопрокат бағытындағы контентті қазақ тіліне аудару бастамасын барынша қолдаймыз. Disney компаниясының бұл бастамасы өзге де контент өндірушілерге өте жақсы үлгі деп санаймыз, –дейді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.

«Ойжұмбақ 2» фильмі кинотеатрларда 14 маусымнан бастап көрсетіледі. Мұнда көрермен бой жетіп қалған Райлимен қайта қауышады. Кейіпкердің санасында күтпеген жерден пайда болған жаңа эмоцияларға орын босату үшін Бас бөлімінде күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#анимация #Ойжұмбақ #дубляж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Бүгін 13:38

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Бүгін 13:31

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі