Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Атырау облысында бүтін бір отбасы жоғалды: жаңа де...

Атырау облысында бүтін бір отбасы жоғалды: жаңа дерек айтылды

Заң мен тəртіп 11.01.2026, 17:25 379
Атырау облысында бүтін бір отбасы жоғалды: жаңа дерек айтылды
сурет: Атырау облыстық ПД

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. "Ақ Жайық" басылымы оқиға орнындағы жағдайды мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындарының ісі бойынша күдікті бұрын тұрған Геолог ықшамауданында іздеу және тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал отбасы мүшелері Наурыз бен Мирамгүлді іздеу бес күннен аса уақыттан бері жалғасып жатыр.

Қазір аумақта полиция мен Ұлттық ұланның аз ғана күші жұмылдырылған. Жылжымалы штаб құрылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, іздеу мен тергеу жұмыстары тоқтаған жоқ, бұрын мұнда ауқымды шаралар өткізілгеніне қарамастан жалғасып жатыр.

Полиция қызметкерлерінің бірі аты-жөнін атамауды сұрап, тергеу барлық нұсқаны қарастырып жатқанын айтты. Оның ішінде күдіктінің тұрған жеріне байланысты нұсқа да бар.

Бұл аумаққа назар аударылуы бекер емес. "Ақ Жайық" мәліметінше, күдікті Сұлтан Сарсемалиев пен жұбайы Ақбаян осы маңда 50 мың теңгеге уақытша үй жалдап тұрған. Олар біраз уақыт сонда өмір сүрген. Көршілес үйлердің бір бөлігі бос, бір бөлігі жалға берілген.

Үйдің ішінде тергеушілердің мұқият жұмысының іздері байқалады. Бөлме толық қаралған, заттар шашылып жатыр. Бөлменің ортасында кілем ұқыптап жинаулы тұр. Терезенің бір жақтауынан пломбаны алғаннан кейін тергеу кезінде қолданылатын қызыл бояудың ізі қалған.

Аула мен маңайда бұрын жүргізілген жұмыстардың іздері сақталған. Жер қазылған, кей жерлерде техниканың іздері көрінеді. Іздеу үшін бұған дейін көп күш пен арнайы құралдар тартылған. Әсіресе, жер астындағы нысандарды табуға арналған георадар қолданылған. Оны Оралдан жеткізген. Сол құралдың көмегімен аула, маңайдағы учаскелер және үйдің айналасы түгел тексерілген.

Бұл аудан біркелкі салынбаған, саяжайлармен шектеседі. Мұнда бейнебақылау камералары аз. Көршілердің камералары жазбаларды 15 күннен артық сақтамайды, бұл оқиғаның хронологиясын қалпына келтіруді қиындатады.

Көршілес Өзбекстан азаматтары тұрады. Олардың айтуынша, ешқандай күмәнді жағдайды естімеген, көрмеген. Тергеу барысында ықшамауданның басқа тұрғындары да сұралды. Барлығы да жанжал, шу немесе оғаш әрекеттерді байқамағанын айтты.

Көршілері отбасын тұйық адамдар деп сипаттайды. Олар сыртқа сирек шыққан, айналадағы адамдармен көп араласпаған.

Іздеу барысында аула мен маңай түгел тексерілген: қазу жұмыстары жүргізілген, шөп пен қамыс шабылған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Жұмысты далаға жақын орналасуы, теміржолдың болуы, лай мен ауа райының қолайсыздығы қиындатып отыр.

Ресми түрде тергеу барлық нұсқаны қарастырып жатыр. Дегенмен жүргізіліп жатқан жұмыстар жоғалғандардың қаза болуы мүмкін деген болжамға көбірек көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді.

Іздеу және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #отбасы #жоғалу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі