AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы полициясының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы полициясының жаңа басшысы тағайындалды

Барлығы 09.01.2026, 17:17 598 Дина
Алматы полициясының жаңа басшысы тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментін басқарған Айдын Қабдұлдинов келді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған полиция генерал-майоры Айдын Тоқтарұлы Қабдұлдинов Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментін Арыстанғани Заппаров басқарған.

Айдын Қабдұлдинов – полиция генерал-майоры. Ішкі істер органдарындағы қызметін Өскемен қалалық ІІБ-да тергеуші ретінде бастаған. 2000 жылдан бастап Алматы қаласының ішкі істер бөлімшелерінде қызмет атқарған.

2004 жылдан бері Алматы қалалық ІІД-ның ішкі қауіпсіздік басқармасында әр жылдары тергеуші, жедел уәкіл және бөлім басшысы лауазымдарын атқарған. 2012 жылы – ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, 2017 жылдан бастап осы бөлімшенің басшысы болған. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы ПД-ның ішкі қауіпсіздік басқармасын басқарған.

2020 жылғы 23 сәуірде Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалса, 2022 жылдың қаңтар айының соңынан бүгінге дейін СҚО полиция департаментін басқарған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әуе қалқаны: Алматы аспанын кімдер күзетіп тұр?

Бүгін 13:35

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті

Бүгін 12:24

Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

Бүгін 12:19

Алматыда есірткіге тәуелді адамдардың саны азайды

Бүгін 11:32

Freedom Holding Corp.-тың 2026 ж. ж. түсімі $2,2 млрд құрады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);